Deprecated: Function is_staging_site is deprecated since version 3.3.0! Use in_safe_mode instead. in /var/www/vhosts/sayipqiran.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6031
АУДАН ӘКІМІ АҒЫН СУДЫҢ ЖАҒДАЙЫМЕН ТАНЫСТЫ - САЙЫПҚЫРАН.KZ Ақпаратты-сараптамалық порталы
Home » PRESS RELEASE » News » АУДАН ӘКІМІ АҒЫН СУДЫҢ ЖАҒДАЙЫМЕН ТАНЫСТЫ

АУДАН ӘКІМІ АҒЫН СУДЫҢ ЖАҒДАЙЫМЕН ТАНЫСТЫ

        Жетісай ауданының әкімі Серік Мамытов аудандағы ауыл шаруашылығы саласына қатысты атқарылып жатқан жұмыстарды пысықтау, аймақтың биылғы жылғы вегетациялық кезеңге дайындығын білу, сондай-ақ, ауыл шаруашылығы саласының басқа да мәселелеріне назар аудару мақсатында К-28, К-30 «Достық» магистральді каналының жағдайымен танысып, аймақ үшін ең өзекті саналған ағын су мәселесін сала мамандарымен бірге талқылады.
      Кездесуде сала мамандары соңғы жылдарда аудандағы өзекті мәселеге айналған ағын су мөлшерінің тапшылығы жайлы, биылғы жылғы метеожағдайға байланысты орын алған жағдаяттар жайлы сөз етті.
       Сондай-ақ, негізгі табыс көзін агросектордан алатын аймақ шаруаларының тозығы жеткен ағын су тарату каналдарының жөндеуден өтпеуінің салдарынан ағын су мөлшерінің көп бөлігі жерге сіңіп, буланып немесе жер асты суларының тартылып кетуі секілді себептермен егістік алқабына дейін дұрыс жетпейтінін, К-28, К-30 «Достық» магистральді каналының тармақтары күрделі жөндеуді талап ететінін жеткізді. Сонымен қатар, аудан аумағында орналасқан 210 дана тік дренаж ұңғымасы жөндеуден өтсе жағдайдың жақсаратыны айтылды.
        «Биылғы ауа-райының қолайсыздығы салдарынан туындаған қиындықтарға байланысты аудан шаруалары қысқы сор шаю, пал алу жұмыстарын бір айға кешіктіріп отыр. Алдағы уақытта диханшылықтан ойдағыдай өнім алу үшін тиісті агрошараларды тездетіп бастауымыз және ауа-райының қолайлы сәттерін тиімді пайдалануымыз керек» дейді аудандық ауыл шаруашылығы және жер қатынастары бөлімінің басшысы Марат Абуов.
         Кездесу соңында аудан басшысы еліміздің экономикалық өсуіне тікелей әсер ететін, ауыл шаруашылығы өнімінің артуына ықпал жасайтын өтініштер мен көтерілген мәселелер бойынша салалық басқармалармен, тиісті министрліктермен жұмыс жүргізілетінін айтты.
Бауыржан НАЙМАНОВ, Жетісай ауданы. 

About Қалмұрат

Журналистика саласына кездейсоқ келіп қалсам да бұл салаға қызығушылығым оянғандықтан журналистикада жүргеніме 20 жыл болды. Алғашқы еңбек жолымды "Керуенбасы" газетінде корректорлықтан бастадым. Содан бері баспа журналистиканың барлық саласынан өттім. 2 рет газет шығарушы баспагер де болдым. Осы сайтымнан Сіздер өздеріңізге қажетті ақпараттар аласыздар деген ойдамын. Сіздер біздің жаңалықтарымызды: https://www.facebook.com/me/ https://twitter.com/KalmuratD www.sayipqiran.kz%2F%3Fp%3D8202 https://www.instagram.com/saipkiran.kz/ https://t.me/sayipkir арқылы да біле аласыздар.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

*

x

Check Also

САНСЫЗБАЙ САРҒАСҚАЕВТЫҢ «ТӘМПІШ ҚАРА» ШЫҒАРМАСЫ КЕЙІПКЕРЛЕРІ

      Оқу ...

ОТКРЫТЫЙ УРОК НА ТЕМУ «НАРЕЧИЕ. СТЕПЕНИ СРАВНЕНИЯ НАРЕЧИЙ» В 7 КЛАССЕ С ИСПОЛЬЗОВАНИЕМ СОВРЕМЕННЫХ ОБРАЗОВАТЕЛЬНЫХ РЕСУРСОВ

        ...

НАУРЫЗ МЕЙРАМЫ – КӨКТЕМ МЕН ЖАҢАРУ МЕРЕКЕСІ!

       Ұлттық ...

ӘЗ-НАУРЫЗ — ЖАҢА КҮННІҢ ЖАРШЫСЫ

        ...

ТАЗА ҚАЗАҚСТАН – ЖАРҚЫН БОЛАШАҚ!

      «Таза ...

«ЖАСАНДЫ ИНТЕЛЛЕКТ ӘЛІППЕСІ» КІТАБЫНЫҢ ТҰСАУКЕСЕРІ ӨТТІ

        ...

ЖЕТІСАЙ ЖАСТАРЫ ОБЛЫСТЫҚ ЧЕМПИОНАТТА ЖҮЛДЕГЕР АТАНДЫ

        ...

ЦИФРЛЫҚ ӘЛЕМДЕГІ ЗАМАНАУИ БІЛІМ БЕРУ ӘДІСІ

        ...

БҰЛ ӘРБІР АЗАМАТТЫҢ ҚАСИЕТТІ МІНДЕТІ БОЛУЫ КЕРЕК

        ...

ҰЛТ КЕМЕҢГЕРІНЕ АРНАЛҒАН ЖЫР САЙЫСЫ

        ...