Султанов Юлдаш Шадыбаевич 1961 жылы Жетісай ауданы, Жылы су ауылдық округі, Әл-Фараби елді мекенінде дүниеге келген. Мектепті тәмамдап, Өзбекстан Республикасындағы «Сырдария» педагогикалық институтының физика-математика пәні бойынша білім алған. Алғашқы еңбек жолын Жылы су ауылдық округі әкімдігіне қарасты «Әл-Фараби» атындағы мектептің директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары болып бастайды. Кейін аталмыш ауыл округке қарасты «Ә.Жангелдин» атындағы мектептің оқу-тәрбие жөніндегі орынбасары, 2002 жылдан қазіргі таңға дейін «Х.Доспанова» атындағы жалпы орта мектептің директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары қызметін атқаруда.
2015 жылдан осы таңға дейін Қазақстан халқы Ассамблеясы тәжіктердің Республикалық этномәдени орталығы, Түркістан облысы филиалының төрағасы. «Мемлекеттік тіліміз – бірлігіміздің тірегі, халқымыздың ұлттық байлығы», – деген ұстанымды ұстанған Юлдаш Султанов тіл мәртебесін көтеру, ел бірлігін нығайту, бейбітшілік пен келісімді сақтау және рухани мәдениетті дамыту жолында көптеген істер атқарып келеді. Сонымен қатар түрлі қайырымдылық игі істердің ұйытқысы болып басы-қасында жүрген қамқор азамат. Еңбек жолында республика, облыс, аудан көлемінде бірнеше Алғыс хаттармен, медалдармен марапатталған. Отбасында бір ұл, төрт қызды тәрбиелеп, ұлын ұяға, қызын қияға қондырған ардақты әке.
Notice: Undefined index: tie_sidebar_pos in /var/www/vhosts/sayipqiran.kz/httpdocs/wp-content/themes/jarida/includes/post-head.php on line 5