ТЕАТР РЕПЕРТУАРЫНДАҒЫ ЖАҢА ҚОЙЫЛЫМДАР
Posted by: Қалмұрат
in News, PRESS RELEASE, Анонсы, Жаңалықтар, Қоғам, Руханият, Хабарландыру
12/02/2023
4 Views
Қ.Жандарбеков атындағы Жетісай драма театрының Көркемдік кеңесі 2023 жылдың репертуарына алынған заңғар жазушы М.Әуезовтің «Айман – Шолпан» трагикомедиясы мен драматург Г.Хугаевтың «Қара шекпен» әпсанасына арналып сызылған безендіру эскиздері мен костюмдерінің үлгілерін талқылады. «Айман –Шолпан» қойылымының эскиздері қазақы ою-өрнектерге өте бай, ұлттық бояуы басым.
Көркемдік кеңес төрағасы тарапынан киімдердің сапасына ерекше мән берілуі керектігі, өйткені бұл бұйымдар театр гардеробын байытатыны, алдағы қойылар спектакльдерге де пайдалануға мүмкіндік ашылатыны ескертілді.
Автордың көп еңбектенуінің, зерделі ізденуінің арқасында ұлттық классикалық дүниеге айналған «Айман-Шолпан» трагикомедиясын сахналау оңай шаруа емес. Осыны ұққан Көркемдік кеңес мүшелері байтақ еліміздің театр сахналарында бірнеше мәрте қойылған осы спектакльдің деңгейінен төмендемеу, артығынша жасау жолдарын қатаң қарастырды.
Театр репертуарын ойлы, терең оқиғасымен ерекшелендіретін екінші пьеса ол – драматург Г.Хугаевтың «Қара шекпен» әфсанасы. Адамға адал дос ит, яғни Тұзар – төбет арқылы өрбитін спектакль өміршеңдігімен де құнды. Қазақ театрларының көбі бұл пьесаны да қызыға сахналастырғаны мәлім. Дегенмен, бұл пьеса ешқашан мәнін, маңызын жоғалтпайды. Тіптен мәңгілік десек те болады. Өйткені, адалдық пен арамдық, достық пен дұшпандық бағасы таразыланады.
Спектакльдің режиссері жас әртіс Ж.Файзиев. Суретшісі Е.Назарымбетов.
Ө. ПІСТЕБЕК,
Қ.Жандарбеков атындағы Жетісай драма театрының әдебиет бөлімінің меңгерушісі.
«Айман-Шолпан» трагикомедиясы Г.Хугаевтың «Қара шекпен» әфсанасы Қ.Жандарбеков атындағы Жетісай драма театры Театр 2023-02-12