ОБЛЫС ӘКІМІ ЖЕКЕ ҚАБЫЛДАУ ӨТКІЗДІ
Posted by: Қалмұрат
in News, PRESS RELEASE, Билік, Последние новости
16/02/2023
10 Views
Облыс әкімі Дархан Сатыбалды кездесуден кейін жеке қабылдауын өткізді. Мұнда басқарма, департамент басшылары да бірыңғай қабылдау өткізіп, тұрғындардың өтініштерін тыңдады. Облыс әкімі әрбір өтініш пен ұсыныс назарға алынып, заң аясында жұмыс жүргізілетінін жеткізді.
Былтыр өңір басшылығының Жетісай тұрғындарымен кездесуінде көтерілген мәселелер шешімін тауып келеді. Атап айтсақ, 10 мәселе шешілді. Ералиев ауылдық округіндегі Мұратбаев елді мекенінің ауыз су жүйелерін ағымдағы жөндеу жұмыстарына 23 млн. теңге қаралып, тиісті жұмыстар жүргізілді.
Ауыз су жүйелері 32 млн. теңгеге ағымдағы жөндеуден өтті. Сейфуллин елді мекенінде аяқжол салу мәселесі көтеріліп, 1,6 шақырым аяқжол салынды. Жылы су, Баққоныс, Байқоныс, Алтынкемер, Мақталы елді мекендерінде 702 млн. теңге бөлініп, 32 шақырымды құрайтын 32 көшеге орташа жөндеу жұмыстары атқарылған. Сонымен қатар «Ауыл – Ел бесігі» бағдарламасы аясында 328 млн. теңге бөлініп, Өркенді елді мекенінде футбол алаңының құрылысы басталды.
Бюджеттен 870 млн. теңге бөлініп, Асықатадағы Әл-Фараби атындағы жалпы орта мектебіне қосымша оқу ғимараты, спорт залы және шеберханасының құрылысы қолға алынған.
Ауданда «Жайлы мектеп» жобасы аясында 5 жаңа мектеп салынады. Жетісайда шағын және орта бизнес дамуда. Бизнес субъектілерінің саны 19 мыңнан асып, 24 мыңнан астам адам жұмыспен қамтылған. Қазіргі таңда Жетісай қаласының ауыз су жүйелерін қайта құру, сондай-ақ Жаңа ауыл ауыл округіндегі 4 елді мекенді ауыз сумен жабдықтау жұмыстары жүргізілуде.
Бауыржан НАЙМАНОВ, Жетісай ауданы.
2023-02-16