МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТТЕГІ ОҢ ӨЗГЕРІСТЕР ТҮСІНДІРІЛДІ
Posted by: Қалмұрат
in News, PRESS RELEASE, Анонсы, Билік, Саясат
16/02/2023
13 Views
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Түркістан облысы бойынша департаментінің ұйымдастыруымен Жетісай ауданы әкімі аппаратында бөлімдердің, қала, кент, ауылдық округ әкімдерінің, кадр саласына жауапты персоналды басқару қызметі басшыларының, аудан әкімі аппаратының Әдеп жөніндегі уәкілінің қатысуымен арнайы мәжіліс болып өтті.
Жиында мемлекеттік қызметті жетілдіру бағытында мемлекеттік қызмет заңнамаларына енгізілген өзгерістер мен толықтырулар түсіндіріліп, мемлекеттік қызмет, мемлекеттік қызмет саласындағы бақылау бағыттары бойынша департаменттің өткен жылы атқарған жұмыстарының қорытындысы айтылды.
Департамент басшысы Өркен Балажанов мемлекеттік грантпен оқу орындарын аяқтаған үздік түлектер аудан мен ауылдарда төменгі лауазымдарға конкурстық іріктеусіз қабылдана алатынын айтып, орталық мемлекеттік органдардың дербес қүрылымдық бөлімшесінің басшысы, облыстық бюджеттен қаржыландыратын атқарушы органның, яғни облыстағы басқарма басшысы және «Б» корпусының басқа да лауазымдарына уәкілетті органның келісіммен тікелей тағайындалатынын, ҚР Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясын үздік бітірген түлектері (уәкілетті орган белгілеген мәннен төмен емес оқу нәтижесімен оқу бітіргендер) бір жыл ішінде белгілі бір санаттағы басшы лауазымдарға бара алатынын, мемлекеттік қызметшілерді бағалаудың нәтижесімен лауазымнан төмендетілетіні, төмен лауазым болмаған жағдайда атқаратын лауазымынан шығарылатынын түсіндірді.
Сондай-ақ, іс-шара барысында 1 наурыздан бастап Мемлекеттік қызмет істері агенттігі, Индустрия жəне инфрақұрылымдық даму министрлігі, Сауда жəне интеграция министрлігі, Ақмола облысы және Шымкент қаласы әкімдіктерінде пилоттық жоба ретінде енгізіліп отырған «Е-қызмет» ықпалдастырылған ақпараттық жүйесінде мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға орналасуға пилоттық іріктеу жүргізу тәртібі де кеңінен сөз болып, қатысушылар тарапынан қойылған сұрақтарға жауаптар берілді.
Бауыржан НАЙМАНОВ, Жетсай ауданы.
2023-02-16