Deprecated: Function is_staging_site is deprecated since version 3.3.0! Use in_safe_mode instead. in /var/www/vhosts/sayipqiran.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6031
ПРОКУРОР МЕКЕМЕАРАЛЫҚ ЖИЫН ӨТКІЗДІ - САЙЫПҚЫРАН.KZ Ақпаратты-сараптамалық порталы
Home » PRESS RELEASE » News » ПРОКУРОР МЕКЕМЕАРАЛЫҚ ЖИЫН ӨТКІЗДІ

ПРОКУРОР МЕКЕМЕАРАЛЫҚ ЖИЫН ӨТКІЗДІ

Жетісай ауданының прокуроры Айдархан Жүнісбековтің бастамасымен кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылық пен оларға қатысты зорлық-зомбылық профилактикасы бағытында уәкілетті органдармен жүргізіліп жатқан жұмыстардың тиімділігін қарау мақсатында мекеме аралық жиын болып өтті.

Аталмыш жиынға Жетісай ауданы әкімінің орынбасары Серік Пірімбеков пен аудан прокурорының орынбасары Ырысбек Ерназаров, аудандық полиция бөлімінің басшысы Әділбек Сапарбеков пен аудандық адами әлеуетті дамыту бөлімінің басшысы Ғазиза Шүкірбаева, полиция инспекторлары мен мектеп директорлары, тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлары қатысты.

Аталмыш жиын барысында аудан әкімінің орынбасары Серік Қонысбекұлы мен аудандық полиция бөлімі басшысының бірінші орынбасары Марат Қадырқұлов, аудандық адами әлеуетті дамыту бөлімінің басшысы Ғазиза Шүкірбаева атқарылған жұмыстар бойынша есебін берді.

Негізгі баяндамашы, аудан прокуратурасының прокуроры Мұхтар Әлжановтың мәліметінше бүгінгі таңда білім беру мекемелері тарапынан заңның талаптары толық сақталмауының салдарынан кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылық пен келеңсіз жағдайлар көптеп орын алуда екен.

Нақтырақ айтар болсақ, өткен жылдың 12 айында кәмелетке толмағандармен 14 қылмыс жасалған болса, оларға қарсы жасалған қылмыстар саны 14-ке, өз-өзіне қол жұмсау 3-ке, сексуалдық іс әрекеттер 3-ке жеткен. 12 айда Жетісай аудандық полиция бөлімінің тәрбиесі қиын балалар есебіне 38 мектеп оқушысы, ал, білім беру мекемелерінің есебіне 85 бала есепке алынған.

«Кәмелетке толмағандардың жағдайы қашанда қоғамдағы маңызды сұрақтардың қатарында.
Сондықтан, бұл мәселеге прокуратура органдары ерекше назар аударып келеді.
Аудан прокуратурасымен кәмелетке толмағандар мен жасалатын құқық бұзушылықтың алдын алу бағытында жергілікті атқарушы және уәкілетті мемлекеттік органдармен бірлесіп іс-шара жоспарлары бекітілген.
Дегенмен, барлық мекемелер тарапынан жұмыстар тиісті дәрежеде атқарылмайтыны өкінішті» деген аудан прокуратурасының прокуроры Мұхтар Сауытұлы аудандағы кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтардың, олардың қараусыз және панасыз қалуының алдын алу жөнінде жұмыстардың төмен деңгейде жүргізілгенін, жауапты мекемелер тарапынан қандайда-бір зерделеу жұмыстары мен социологиялық зерттеулер жүргізу ұйымдастырылмағандығын және бала құқықтарын қорғау жөніндегі функцияларды жүзеге асыратын ұйымдар желісінің дамуына жәрдем көрсету және олардың қызметінің мониторингін қамтамасыз етуге талдаудың жасалмағандығын алға тартады.

Сонымен қатар, Үкімет қаулысымен бекітілген «Бала құқықтарын қорғауды күшейту, тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қарсы іс-қимыл және жасөспірімдер арасында суицидтің көбеюі мәселелерін шешу жөніндегі 2020-2023 жылдарға арналған» Жол картасының орындалу деңгейінің нақты шаралар қолданылмауының салдарынан төмен екендігі,

«Кәмелетке толмағандардың жыныстық тиспеушілігіне қол сұғумен байланысты әрекеттерді және оларға қатысты тұрмыстық зорлық – зомбылықты алдын алуға бағытталған 2019-2023 арналған» мекемеаралық іс-қимыл жоспарының орындалуы тек қана адами әлеуетті дамыту бөлімімен мектептерге тапсырмалар берумен шектеліп, қағаз жүзінде ғана жұмыс жүріп отырғандығын алға тартады. Аталмыш заң бұзушылықтар бойынша аудан прокуратурасы тарапынан аудандық адами әлеуетті дамыту бөлімі басшысының атына прокурорлық қадағалау актісі енгізіліп, кінәлі тұлғалар тәртіптік жауапкершілікке тартылған.

«Кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі учаскелік полиция инспекторлары мен білім беру ұйымдары арасында әр тоқсанға түзілетін іс-шаралар толық жүргізілмей келген.
Кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі учаскелік полиция инспекторларымен профилактикалық есепке алынған тұлғалармен жұмыс формальды түрде ғана жүргізілуінің салдарынан есеп құжаттарының арналмағандығы анықталды» деген аудан прокурорының орынбасары жұмысты әлі де болса жандандыру керектігі жайлы тапсырма берді.

Бауыржан НАЙМАНОВ,

Жетісай ауданы.

About Қалмұрат

Журналистика саласына кездейсоқ келіп қалсам да бұл салаға қызығушылығым оянғандықтан журналистикада жүргеніме 20 жыл болды. Алғашқы еңбек жолымды "Керуенбасы" газетінде корректорлықтан бастадым. Содан бері баспа журналистиканың барлық саласынан өттім. 2 рет газет шығарушы баспагер де болдым. Осы сайтымнан Сіздер өздеріңізге қажетті ақпараттар аласыздар деген ойдамын. Сіздер біздің жаңалықтарымызды: https://www.facebook.com/me/ https://twitter.com/KalmuratD www.sayipqiran.kz%2F%3Fp%3D8202 https://www.instagram.com/saipkiran.kz/ https://t.me/sayipkir арқылы да біле аласыздар.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

*

x

Check Also

СЕРТ БЕРУ – ЖАУЫНГЕР ДӘСТҮРІ

        ...

2023 ЖЫЛҒЫ ҮЛГІДЕГІ, НОМИНАЛЫ 5 000 ТЕҢГЕЛІК БАНКНОТАЛАРДЫ АЙНАЛЫМҒА ШЫҒАРДЫ

        ...

ҚАЗАҚСТАН ҰЛТТЫҚ БАНКІ 28 МАУСЫМДА 2024 ЖЫЛҒЫ ҮЛГІДЕГІ ЖАҢА ДИЗАЙНМЕН НОМИНАЛЫ 10 000 ТЕҢГЕЛІК БАНКНОТАНЫ АЙНАЛЫМҒА ШЫҒАРДЫ

        ...

АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ САЛАСЫНДА ОҢ ӨЗГЕРІСТЕР БАР

        ...

«JETISAI MARATHON – 2024» МАРАФОНЫНА МЫҢҒА ЖУЫҚ ТҰРҒЫН ҚАТЫСТЫ

        ...

ЖЕТІСАЙ АУДАНЫНДА ҚҰРЫЛЫС ҚАРҚЫНДЫ

        ...

21 ЛЕТНЫЙ ТАЭКВОНДИСТ УЕХАЛ В США

Автор: НАЗИРА БУРХАНОВА,  журналист. ...

«МАҚТААРАЛ» КЕҢШАРЫНА – 100 ЖЫЛ!

Қазіргі Түркістан облысының Мақтаарал ...

БІРЛІГІ БІРТҰТАС БІРЛЕСТІК

        ...

МАТЕМАТИКА ӘДІСТЕМЕ БІРЛЕСТІГІНДЕ АТҚАРЫЛЫП ЖАТҚАН ІСТЕР ОРАСАН

        ...