СЕРІК ҮСЕНҰЛЫ ЖАСТАРДЫҢ ЖҰМЫСЫНА ЖОҒАРЫ БАҒА БЕРДІ
Posted by: Қалмұрат
in News, PRESS RELEASE, Анонсы, Билік, Жас буын, Саясат
24/02/2023
27 Views
Еліміздің ертеңі, мемлекетіміздің жарқын болашағы білімді де, білгір жастардың қолында екені рас. Жастар алдынғы буын ағалардың жолын лайықты жалғастырып, өздерінің сенімді ізбасар екенін бүгінде күн санап дәлелдеп келеді. Оған себеп – мемлекеттің жастар саясатын назардан тыс қалдырмай, оларға жасалып жатқан жағдайлардың күн санап артуында.
Қоғамның қозғаушы күші ретінде озық идеялармен қаруланып, еліміздің дамып-өркендеуіне өзіндік үлесін қосып келе жатқан Жетісай аудандық ішкі саясат бөлімінің «Жастар ресурстық орталығы» КММ мекемесінің жұмысымен танысқан Жетісай ауданының әкімі Серік Үсенұлы Мамытов осылай деді.
Аталмыш орталық басшысы Нұрлыбек Мутаев аудан басшысын өткен жылы атқарылған жұмыстардың барысымен таныстырып, жоспарларымен бөлісті.
26 қызметкері бар мекеме өткен жылы аудан көлемінде 40, облыс деңгейінде 3 іс-шара өткізіп, орталық мамандарының сүйемелдеуімен, құқықтық кеңестерімен «Zhasproject» жобасы аясында 9 жетісайлық жас қайтарымсыз грант жеңіп алған.
Спорттық және қоғамдық мәдени іс-шараларда да алдыңғы қатардан көрінетін жастардың жұмысына оң бағасын берген аудан басшысы қашанда қолдау көрсетуге дайын екенін жеткізді.
Айта кетейік, бүгінде Жетісай ауданында 14-35 жас аралығында 52 935 жас бар.
Бауыржан НАЙМАНОВ, Жетісай ауданы.
2023-02-24