Румыниядан Анталияға келетін адам саны 260 мыңнан 350 мыңға дейін артады
Posted by: Қалмұрат
in Business, News, PRESS RELEASE, Әлемде, Кәсіпкерлік, Саясат
26/02/2023
8 Views
Алания туризмін таныту қоры төрағасының орынбасары Мехмет Дахаоғлұның айтуынша, Румыниядан Анталияға келетін адам саны 260 мыңнан 350 мыңға дейін артады.
Румынияның астанасы Бухарестте 23-26 ақпан аралығында өткен «TTR-2023 халықаралық туристік жәрмеңкесінде» Аланияны насихаттау жұмыстары қарқынды түрде жүзеге асырылды. Осы іс-шарада Аланияның атынан, Алания Туризмді дамыту қоры (ALTAV) және Алания туристік операторлар қауымдастығының (ALTID) вице-президенті Мехмет Дахаоғұлы қатысты.
19 миллион халқы бар Румынияның Түркия үшін бөлек. Румындар елінен Аланияға қызығушылық танытқан туристер саны соңғы кедері арта түскен. Туристік агенттіктердің жәрмеңке барысында арнайы жеңілдіктер мен түрлі акциялар ұйымдастыруы статистикалық көрсеткіштерді жақсартуға ықпал еткен.
«ЗІЛЗАЛА БОЛУ ЫҚТИМАЛЫ ӨТЕ ТӨМЕН»
Румынияда өткен халықаралық жәрмеңке кезінде Түркияның “Christian Tour”- ның бас директоры Шабан Аталар 2022 жылдың қазан, қараша және желтоқсан айларында сатылымның жақсы болғанын жеткізді. 2023 жылы аптасына 32 ұшақ рейсін жоспарлап отыр екен. Аталар өздерінің “Animawings” әуе компаниясымен және Корендоннан орын алу арқылы 70 мың адамды Анталияға тасымалдайтындарын айтты. 2022 жылы олар тасымалдаған жолаушылар саны 42 мың болған.
«АНТАЛИЯҒА 55 МЫҢ ТУРИСТ БАРАДЫ»
“Odeon Tours” Румыния нарығындағы алғашқы жылдарына қарамастан табысты көрсеткіштерге ие болып отыр. Ол – Turkish Airlines (THY), Corendon және Fly Lili компанияларынан орындар сатып алды. 2023 жылы Анталияға сапарлайтын туристер санын 55 мың адам деп жоспарлаған. Румынияның 7 қаласынан Анталияға ұшулар қарастырылып отыр. “Odeon Tours”-тың Түркия өнімін сатып алу жөніндегі директоры Егемен Тунжел Түркияға тек Румыниядан ғана емес, сонымен бірге басқа елдерден де пакеттік турлар жасайтындарын айтты.
Сурет: Интернеттен алынған.
2023-02-26