Алматы қаласы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаменті №72 мекемесінің жедел қызметкерлері Алматы қаласы Наурызбай ауданының Қарағайлы шағын ауданынан «Макаров» тапаншасын тапты.
Алматы қаласы Полиция департаментінің ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкерлерімен бірге жедел ақпарат бойынша атқарылған іс-шараның нәтижесінде бұталардың арасынан табылған қаруға қатысты қазір тексеру-тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.
Табылған «Макаров» тапаншасының өткен жылғы қаңтар оқиғасы кезінде Алматы облысытық полиция департаментінен ұрланған деген болжам бар.
Гүлнар МАҒЗҰМОВА,
Алматы қаласы.