Deprecated: Function is_staging_site is deprecated since version 3.3.0! Use in_safe_mode instead. in /var/www/vhosts/sayipqiran.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6031
ӨЗГЕРІСТЕР МЕН ТОЛЫҚТЫРУЛАР ТҮСІНДІРІЛУДЕ - САЙЫПҚЫРАН.KZ Ақпаратты-сараптамалық порталы
Home » PRESS RELEASE » News » ӨЗГЕРІСТЕР МЕН ТОЛЫҚТЫРУЛАР ТҮСІНДІРІЛУДЕ

ӨЗГЕРІСТЕР МЕН ТОЛЫҚТЫРУЛАР ТҮСІНДІРІЛУДЕ

          Мемлекеттік қызметті жетілдіру бағытында мемлекеттік қызмет заңнамаларына енгізілген өзгерістер мен толықтырулар жөнінде ақпарат беріп, Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің Әдеп кодексі мен Қазақстан Республикасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатының 2022-2026 жылдарға арналған Тұжырымдамасы түсіндіру мақсатында Жетісай ауданы, Жаңа ауыл ауылдық округі әкімі аппаратының қызметшілерімен арнайы жиын өткіздім.
        Сондай-ақ, мемлекеттік грантпен оқу орындарын аяқтаған үздік түлектер аудан мен ауылдарда төменгі лауазымдарға конкурстық іріктеусіз қабылдана алатынын айтып, орталық мемлекеттік органдардың дербес қүрылымдық бөлімшесінің басшысы, облыстық бюджеттен қаржыландыратын атқарушы органның, яғни, облыстағы басқарма басшысы және «Б» корпусының басқа да лауазымдарына уәкілетті органның келісіммен тікелей тағайындалатынын, ҚР Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясын үздік бітірген түлектері (уәкілетті орган белгілеген мәннен төмен емес оқу нәтижесімен оқу бітіргендер) бір жыл ішінде белгілі бір санаттағы басшы лауазымдарға бара алатынын, мемлекеттік қызметшілерді бағалаудың нәтижесімен лауазымнан төмендетілетіні, төмен лауазым болмаған жағдайда атқаратын лауазымынан шығарылатынын айттым.
         Іс-шара барысында 1 наурыздан бастап – Мемлекеттік қызмет істері агенттігі, Индустрия жəне инфрақұрылымдық даму министрлігі, Сауда жəне интеграция министрлігі, Ақмола облысы және Шымкент қаласы әкімдіктерінде пилоттық жоба ретінде енгізіліп отырған «Е-қызмет» ықпалдастырылған ақпараттық жүйесінде мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға орналасуға пилоттық іріктеу жүргізу тәртібі де кеңінен сөз болып, қатысушылар тарапынан қойылған сұрақтарға жауаптар берілді.
Есен АЛДАНИЯЗОВ,
Жетісай ауданы әкімдігінің Әдеп уәкілі.

About Қалмұрат

Журналистика саласына кездейсоқ келіп қалсам да бұл салаға қызығушылығым оянғандықтан журналистикада жүргеніме 20 жыл болды. Алғашқы еңбек жолымды "Керуенбасы" газетінде корректорлықтан бастадым. Содан бері баспа журналистиканың барлық саласынан өттім. 2 рет газет шығарушы баспагер де болдым. Осы сайтымнан Сіздер өздеріңізге қажетті ақпараттар аласыздар деген ойдамын. Сіздер біздің жаңалықтарымызды: https://www.facebook.com/me/ https://twitter.com/KalmuratD www.sayipqiran.kz%2F%3Fp%3D8202 https://www.instagram.com/saipkiran.kz/ https://t.me/sayipkir арқылы да біле аласыздар.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

*

x

Check Also

САНСЫЗБАЙ САРҒАСҚАЕВТЫҢ «ТӘМПІШ ҚАРА» ШЫҒАРМАСЫ КЕЙІПКЕРЛЕРІ

      Оқу ...

ОТКРЫТЫЙ УРОК НА ТЕМУ «НАРЕЧИЕ. СТЕПЕНИ СРАВНЕНИЯ НАРЕЧИЙ» В 7 КЛАССЕ С ИСПОЛЬЗОВАНИЕМ СОВРЕМЕННЫХ ОБРАЗОВАТЕЛЬНЫХ РЕСУРСОВ

        ...

НАУРЫЗ МЕЙРАМЫ – КӨКТЕМ МЕН ЖАҢАРУ МЕРЕКЕСІ!

       Ұлттық ...

ӘЗ-НАУРЫЗ — ЖАҢА КҮННІҢ ЖАРШЫСЫ

        ...

ТАЗА ҚАЗАҚСТАН – ЖАРҚЫН БОЛАШАҚ!

      «Таза ...

«ЖАСАНДЫ ИНТЕЛЛЕКТ ӘЛІППЕСІ» КІТАБЫНЫҢ ТҰСАУКЕСЕРІ ӨТТІ

        ...

ЖЕТІСАЙ ЖАСТАРЫ ОБЛЫСТЫҚ ЧЕМПИОНАТТА ЖҮЛДЕГЕР АТАНДЫ

        ...

ЦИФРЛЫҚ ӘЛЕМДЕГІ ЗАМАНАУИ БІЛІМ БЕРУ ӘДІСІ

        ...

БҰЛ ӘРБІР АЗАМАТТЫҢ ҚАСИЕТТІ МІНДЕТІ БОЛУЫ КЕРЕК

        ...

ҰЛТ КЕМЕҢГЕРІНЕ АРНАЛҒАН ЖЫР САЙЫСЫ

        ...