ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ МӘЖІЛІС САЙЛАУЫ: EXIT POLL НӘТИЖЕЛЕРІ БЕЛГІЛІ БОЛДЫ
Posted by: Қалмұрат
in News, PRESS RELEASE, Қоғам, Маман кеңесі, Саясат
20/03/2023
6 Views
Қазақстанда 2023 жылдың 19 наурызында Парламент Мәжілісі мен мәслихаттар депутаттарының кезектен тыс сайлауы өтті. Сайлауға 7 саяси партия қатысты. Қазақстан аумағында бір мандатты округтер бойынша жалпы үміткерлер саны – 525. Парламент Мәжілісі депутаттарын сайлауға 12 миллион 32 мың 550 адам дауыс беруге қақылы. Мәжіліске жалпы саны 98 депутат сайланады.
Еуразиялық интеграция институтының өкілдері ұсынған Exit poll нәжитесі:
«АМАНАТ» партиясы – 53,46 пайыз;
«Ауыл» халықтық демократиялық партиясы – 10,52 пайыз;
«Республика» партиясы – 8,9 пайыз;
Қазақстан халық партиясы – 6,25 пайыз;
«Байтақ» жасыл партиясы – 3,22 пайыз;
«Ақ жол» демократиялық партиясы – 7,87 пайыз;
Жалпыұлттық социал-демократиялық партиясы – 5,31 пайыз;
«Демократия институтының» ұсынған Exit poll нәтижесі:
«АМАНАТ» партиясы -53,33 пайыз;
«Ауыл» халықтық демократиялық партиясы – 11,26 пайыз;
«Республика» партиясы – 8,33 пайыз;
Қазақстан халық партиясы – 6,93 пайыз;
«Байтақ» жасыл партиясы – 2,51 пайыз;
«Ақ жол» демократиялық партиясы – 8,87 пайыз;
Жалпыұлттық социал-демократиялық партиясы – 5,12 пайыз.
Аружан МАУЛЕНБАЙ,
Т. Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясының “Компьютерлік технологиялар” кафедрасы “Медиажурналистика” мамандығының 3-курс студенті.
2023-03-20