МАҚТААРАЛЫМ – МАҚТАНЫШЫМ, БАЙЛЫҒЫМ!
Posted by: Қалмұрат
in News, Жаңалықтар, Құттықтау, Мерекелік шара, Саясат, Хабарландыру
21/03/2023
3 Views
Мақтаралдың тарихы бай. Аңызға белгісіз әңгімелері мен оқиғаларыда сан алуан. Ұлы жібек жолы біздің топырағымызды күміс белбеудей орапөтеді. өркениетті елдің тірлігіне сай белгі емес пе бұл? Күні кешегі түркі елінің Томирис ханы атанған ақылды да парасатты, көрікті де елдікті туұстаған әйел патша осы өңірдің азаматтарынан өз жасағының құрамына сарбаз алған дейді және бір көнеден жеткен аныз.
Қазір де ауданның бүкіл жанына нәр таратып жатқан, су жүйелерінің күретамыры болған «Достық» (Бұрынғы Киров атындағы) каналын алғашқы
қазушылар құрамында белгілі ақын Ілияс Жансүгіровтың інісі канал құрылысын басқарған. Қасиетті де ардақты азаматтардың Мақтарал жеріне келіп, аяқ басқаны бұл жердің тегін еместігінен дәйек береді. Бертін келе, осы аудан көлемінде алғаш рет «Мақтарал» мақта шаруашылығы құрылуына орай, Түркістан Жер шаруашылығы халық комиссары қызметін атқарып жүрген айтулы арыстандарымыздың бірі – Сұлтанбек Қожанов канал қазушылардың бір топ бөлігімен кездесіп, олардың талап – тілектеріне құлақ асып, мақтаның аса бағалы шикізат екендігіне басты назар аудара отырып, сол каналдың тезірекіске қосылуына өзінің тілегін арқау еткендігін кейінгі ұрпақтың өзі естуіне тура келді. Бұл да – тарих.
Еліміздің ең оңтүстік қиырына орналасқан бүгінгі Мақтарал ауданыныңтарихы бай әрі күрделі. Өйткені бұл ауданда талай тағдыр өз тыныс-тіршілігін жасап, елге, жерге танымал болды. Мұнда кешегі соғыста
батырлықпен көзге түсіп, батыр атанған, бейбіт тіршілікте адал еңбегімен ер атанған қаншама абзал, әзіз жандар өсіп жетілді. Бұл баға жетпес – байлық.
Тарихының күрделі болатындығы – аудан бір республика құрамынан екінші республика құрамына өтіп, тағдыр талапайын бастан кешті. Көптеген тарихи деректер, құжаттар өзге елдің мұрағаттарында, кеңселерінде қалып қойды. Ауданға қатысты деректерді сол жерлерден елге оралту да үлкен сын.
Мақтарал ауданының әлеуметтік-экономикалық, мәдени өсіп-өркендеуіне оның әр жылдары басшысы болған Уалихан Сүлейменов, Көшербай Ысқақов, Ошақбай Көлбаев, Омарбек Нұржанов, Кенжехан Төлебаев т.с.с. басшылар елеулі үлестерін қосты. Ауданда өткен ғасырдың 70 – жылдарынан бастап, мақта шаруашылығында жоғары технология және талапқа сай агротехникалық іс-шаралардың жүзеге асуы өз денгейінде атқарылып, өнімділіктің артуымен ерекшеленеді. Ауданда мақта, мал шарушылығы, білім, денсаулық сақтаусалаларына айрықша көңіл бөлінді.
Барлығымызға белгілі 1997 жылдың 24 сәуірінде Мырзашөлде орналасқан Асықата, Жетісай және Мақтаарал аудандары біріктіріліп орталығы Жетісай қаласында орналасқан іріленген Мақтарал ауданы болып қайта құрылды. Бұл сол кездегі мемлекетіміздің әлеуметтік-экономикалық жағдайына байланысты орын алған болар. Осы уақыт аралығында да ауданымыз барлық салаларда қарқынды даму жолында болды. Дегенмен халық тығыз орналасуына байланысты қайта бөлу туралы ұсыныстар жиі көтерілді, соның нәтижесінде ҚР Президентінің 2018 жылғы 5 маусымдағы Жарлығына сәйкес Мақтарал ауданы орталығы Жетісай қаласында орналасқан Жетісай ауданы және орталығы Мырзакент кентінде орналасқан Мақтаарал ауданы болып екіге бөлінді. Іріленген ауданнан бөлініп қара шаңыраққа қайта отау тіккен Мақтаарал ауданы соның ішінде аудан орталығы Мырзакент кенті қарқынды даму үстінде. Халыққа қажетті әлеуметтік нысандар, яғни тұрғын-үй, бала бақша, оқу орындары, денсаулық сақтау мекемелері, сонымен қатар әртүрлі демалыс, сауда т.с.с. орындар көптеп бой көтеруде.
Үстіміздегі жыл Мақтаарал ауданының құрылғанына 95 жыл толып отыр. 1928 жылы 17 қаңтарда Ташқазақ уезі болыстар таратылғаннан соң, бұрынғы Иіржар болысының негізінде Иіржар ауданы құрылды. Бұл мәселе 1928 жылғы 3 қыркүйектегі Бүкілодақтық Орталық Атқару комитеті тарапынан бекітілді. 1928 жылғы 3 қыркүйек Иіржар (қазіргі Мақтаарал) ауданының құрылған күні болып табылады. Барша аудан тұрғындары осынау айтулы датамен шын жүректен құттықтаймыз.
Алдағы уақытта аудан тарихына қатысты қызықты мәліметтер жариялап тұратын боламыз.
П.КАДЫРБЕКОВА,
Мақтаарал ауданы Атакент кентінде орналасқан Жетісай өңірлік мемлекеттік архивінің архивисі.
2023-03-21