Шымбұлақ «Әлемдегі ең биік түнгі шаңғы трассасы» номинациясында Гиннес рекордын орнатуға тырысады
Posted by: Қалмұрат
in News, PRESS RELEASE, Анонсы, Жаңалықтар, Саясат, Спорт, Хабарландыру
26/03/2023
2 Views
«Шымбұлақ» – әлемде бірінші болып Гиннестің рекордтар кітабына «Әлемдегі ең биік түнгі шаңғы трассасы» номинациясы бойынша енуі мүмкін Қазақстандағы жалғыз тау курорты.
Сертификаттарды табыстау және нәтижені ресми бекіту рәсімі теңіз деңгейінен 3200 метр биіктікте орналасқан Талғар асуы станциясында Мәдениет және спорт министрі, Алматы қаласы әкімінің орынбасары, Guinness World Records, БАҚ өкілдерінің және курорт қонақтарының қатысуымен өтеді.
Шарадағы спикерлер:
-
Guinness World Records кеңсесінің төрешісі Seyda Subasi – Gemici;
-
Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрі Асхат Раздықұлы Оралов;
-
Алматы қаласы әкімінің орынбасары Қырықбаев Арман Оразбайұлы;
-
«Шымбұлақ» ТК бас директоры Абдрахманов Ринат Чингизович;
Шара соңында лента салтанатты түрде қиылып, түнгі ең биік тау шаңғы трассасынан бұқаралық сырғанап түсу өтеді.
Күні: 26 наурыз
Орналасқан жері: курорттың ең биік нүктесі, Талғар асуы (3200)
Кеш бағдарламасы:
19:00 – 21:00 – қатысушыларды жинау, DJ
21:00 – Ресми тұлғалардың мәлімдемесі
21:15 – Рекордты тіркеу
21:25 – Бұқаралық сырғанап түсу, «Гиннес» трассасының ресми ашылуы.
2023-03-26