Deprecated: Function is_staging_site is deprecated since version 3.3.0! Use in_safe_mode instead. in /var/www/vhosts/sayipqiran.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6031
ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ УНИВЕРСИТЕТІНДЕ VII ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҒЫЛЫМИ-ТӘЖІРИБЕЛІККОНФЕРЕНЦИЯ ӨТТІ - САЙЫПҚЫРАН.KZ Ақпаратты-сараптамалық порталы
Home » PRESS RELEASE » News » ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ УНИВЕРСИТЕТІНДЕ VII ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҒЫЛЫМИ-ТӘЖІРИБЕЛІККОНФЕРЕНЦИЯ ӨТТІ

ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ УНИВЕРСИТЕТІНДЕ VII ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҒЫЛЫМИ-ТӘЖІРИБЕЛІККОНФЕРЕНЦИЯ ӨТТІ

     
           Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің журналистика факультеті ЮНЕСКО-ның журналистика және коммуникация кафедрасы Алматы қаласындағы ЮНЕСКО Кластерлік бюросының қолдауымен Халықаралық Фараби оқулары аясында «Тұрақты даму мақсатында халықаралық журналистиканы оқыту модельдері» (МТIJ) атты VII Халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция өтті.
           Шара шеңберінде ұйымдастырылған сессиялар және ғылыми пікірталастарда бірнеше бағыт қамтылды: заманауи білім берудегі цифрлық орта; жаппай ашық онлайн курстары, тұрақты даму – жаһандық тренд және медиа талабы, қазіргі журналистер қызметіндегі этикалық индикаторлар; инклюзивті білім беру технологиялары және өзгерістерді жобалау; қоғамның тұрақты даму концепциясын жүзеге асырудағы БАҚ, этножурналистика кросс-мәдени коммуникацияның жаңа форматы; тұрақтылықты сақтаудағы журналистік шешімдер және жергілікті БАҚ әлеуеті.
             Конференция барысында әлемдік және отандық журналистика саласындағы жетекші сарапшылардың шеберлік сабақтары жоспарланды. Халықаралық деңгейді қамтыған конференцияға отандық және шетелдік БАҚ басшылары, журналистер, БҰҰ-ның Қазақстандағы Қоғамдық ақпарат департаментінің өкілдері, шет мемлекеттердің елшіліктері мен консулдықтарының өкілдері, АҚШ, Ұлыбритания Польша, Түркия, Ресей ғалымдары мен бұқаралық коммуникация саласының зерттеушілері, оқытушылар, студенттер, магистранттар мен докторанттар қатысты.
             Жиынның ашылу салтанатында әл-Фараби атындағы ҚазҰУ журналистика факультетінің деканы Нұржан Қуантайұлы халықаралық қауымдастықтың ынтымақтастығын арттыра отырып, білім беру жүйесінде ортақ жетістіктерге қол жеткізуге болатынын жеткізді. , ЮНЕСКО-ның журналистика және коммуникация кафедрасының меңгерушісі Назгүл Шыңғысова соңғы 7 жылда Кафедраның әлемдік деңгейдегі жетістіктеріне тоқталды. Алматы қаласындағы ЮНЕСКО Кластерлік бюросының коммуникация және ақпарат бөлімінің маманы Сергей Карпов, БҰҰ Жаһандық коммуникациялар департаментінің Қазақстандағы өкілі, Қазақстандағы БҰҰ Ақпараттық бюросының басшысы Властемил Самек ғылыми орта бас қосқан конференцияның экология, қоршаған ортаны қорғау, климаттың өзгеруі, гендерлік саясат т.б. күн тәртібінде тұрған жаһандық проблемаларды шешуге үлес қосатынын айтты.
            Бірнеше елдің өкілдері пікір алмасқан конференцияда Венгриядағы Дебрецен университетінің профессоры Бичзо Габор, Венгриядағы ғылыми елші, Дебрецен университетінің докторанты, Әбдінасыр Назира, Польшадағы Адам Мицкевич университетінің профессоры Радослав Фидлер,  «Ала-Тоо» Халықаралық университеті Журналистика факультетінің деканы Турдалиева Элира, а –Пенза мемлекеттік университетінің доценті Зуеева Галина, Қ.Қатындағы Бішкек мемлекеттік университетінің доценті Асанова Алтын, Түркітілдес журналистер қорының президенті Н.Жоямергенқызы  т.б. баяндама жасады.
Нәзия БИСЕНОВА.

About Қалмұрат

Журналистика саласына кездейсоқ келіп қалсам да бұл салаға қызығушылығым оянғандықтан журналистикада жүргеніме 20 жыл болды. Алғашқы еңбек жолымды "Керуенбасы" газетінде корректорлықтан бастадым. Содан бері баспа журналистиканың барлық саласынан өттім. 2 рет газет шығарушы баспагер де болдым. Осы сайтымнан Сіздер өздеріңізге қажетті ақпараттар аласыздар деген ойдамын. Сіздер біздің жаңалықтарымызды: https://www.facebook.com/me/ https://twitter.com/KalmuratD www.sayipqiran.kz%2F%3Fp%3D8202 https://www.instagram.com/saipkiran.kz/ https://t.me/sayipkir арқылы да біле аласыздар.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

*

x

Check Also

2023 ЖЫЛҒЫ ҮЛГІДЕГІ, НОМИНАЛЫ 5 000 ТЕҢГЕЛІК БАНКНОТАЛАРДЫ АЙНАЛЫМҒА ШЫҒАРДЫ

        ...

ҚАЗАҚСТАН ҰЛТТЫҚ БАНКІ 28 МАУСЫМДА 2024 ЖЫЛҒЫ ҮЛГІДЕГІ ЖАҢА ДИЗАЙНМЕН НОМИНАЛЫ 10 000 ТЕҢГЕЛІК БАНКНОТАНЫ АЙНАЛЫМҒА ШЫҒАРДЫ

        ...

АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ САЛАСЫНДА ОҢ ӨЗГЕРІСТЕР БАР

        ...

«JETISAI MARATHON – 2024» МАРАФОНЫНА МЫҢҒА ЖУЫҚ ТҰРҒЫН ҚАТЫСТЫ

        ...

ЖЕТІСАЙ АУДАНЫНДА ҚҰРЫЛЫС ҚАРҚЫНДЫ

        ...

21 ЛЕТНЫЙ ТАЭКВОНДИСТ УЕХАЛ В США

Автор: НАЗИРА БУРХАНОВА,  журналист. ...

«МАҚТААРАЛ» КЕҢШАРЫНА – 100 ЖЫЛ!

Қазіргі Түркістан облысының Мақтаарал ...

БІРЛІГІ БІРТҰТАС БІРЛЕСТІК

        ...

МАТЕМАТИКА ӘДІСТЕМЕ БІРЛЕСТІГІНДЕ АТҚАРЫЛЫП ЖАТҚАН ІСТЕР ОРАСАН

        ...

ШӘКІРТ ТӘРБИЕЛЕУ – БОЛАШАҚТЫ ҚАЛЫПТАСТЫРУ

        ...