Deprecated: Function is_staging_site is deprecated since version 3.3.0! Use in_safe_mode instead. in /var/www/vhosts/sayipqiran.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6031
ҒАСЫР СОҢЫНА ҚАРАЙ ЕУРОПАЛЫҚТАРДЫҢ САНЫ АЙТАРЛЫҚТАЙ АЗАЯДЫ - САЙЫПҚЫРАН.KZ Ақпаратты-сараптамалық порталы
Home » PRESS RELEASE » News » ҒАСЫР СОҢЫНА ҚАРАЙ ЕУРОПАЛЫҚТАРДЫҢ САНЫ АЙТАРЛЫҚТАЙ АЗАЯДЫ

ҒАСЫР СОҢЫНА ҚАРАЙ ЕУРОПАЛЫҚТАРДЫҢ САНЫ АЙТАРЛЫҚТАЙ АЗАЯДЫ

         «Euronews-тің хабарлауынша Еуропалық Одақ демографиялық өзгерістердің алдында тұр екен. Одақтағы туу, өлім және көші-қон туралы мәліметтер негізінде жасалған жаңа болжамдар бойынша ғасырдың соңына қарай еуропалықтардың саны айтарлықтай азаяды екен.
         Еуростаттың есептеуінше, 2100 жылға қарай одақ тұрғындарының  саны 6% – ға немесе 27,3 миллион адамға азаюы мүмкін. COVID-19 пандемиясынан туындаған екі жылдық құлдыраудан кейін ЕО халқы 2022 жылы қалпына келіп, 2023 жылдың басында 451 миллионға жетіпті. Бұндай өсімге бір жағынан Одақ елдеріне украиндық босқындарының жаппай келуі де сеп болыпты.
         ЕО статистикасының соңғы есебіне сәйкес, блоктың халқы 2026 жылы 453 миллион адамға дейін өссе, содан кейін 2100 жылға қарай 420 миллионға дейін азаяды. Еуропалық Одақтағы демографиялық құлдырау қаупі 2100 жылға арналған демографиялық пирамида қоғамның қысқаруы мен қартаюын болжап отыр. Одақ аумағындағы балалардың, 20 жасқа дейінгі жастардың және еңбекке қабілетті жастағы адамдардың үлесі төмендесе, 65 жастан асқан адамдардың үлесі артады екен. Яғни, 2100 жылы 65 жастан асқан адамдар тұрғындардың 32% құрайды, ал бұл көрсеткіш 2022 жылы 21% болған еді. Сонымен қатар, Одақ аумағында өмір сүретін 80 жастан асқан адамдардың қатары 20 жасқа толмағандарға қарағанда көбірек болады. Сондай-ақ, 2100 жылы медианалық жас 48,8 жасқа дейін өседі деп күтілуде. Бұл ЕО халқының жартысы 48,8 жастан асады дегенді білдіреді. 2021 жылы ең төменгі медианалық жас Кипрде 38 жас болса, Италияда ең жоғары жас 47,6 болған.
        2100 жылға қарай ЕО халқының болжамды азаюына қарамастан, оған мүше кейбір елдерде – Бельгия, Чехия, Дания, Ирландия, Франция, Кипр, Люксембург, Мальта, Нидерланды, Австрия, Швеция және Исландияда көші-қон жағдайына байланысты адам санының өсуі күтілуде.
        Айта кетерлігі, осы жылдың басында Қытай елі де соңғы алты онжылдықтағы алғашқы халық санының азаюын жазған болатын. Ұлттық статистика бюросы жариялаған мәліметтерге сәйкес, 2022 жылдың аяғында елде 1,41175 миллиард адам өмір сүрген. Бұл бұрынғы санақтағы адам санынан 850 000-ға аз, өйткені қайтыс болғандар саны туғандар санынан асып түсті. Сонымен бірге, Қытайда туу коэффициенті төмендеп қана қоймай, халықтың айтарлықтай бөлігінің қартайып жатқаны анықталды. Сарапшылар бұл жайдың демографиялық жағдайдың нашарлауына, яғни жұмыс күшінің қысқаруына, зейнетақы жүйесінің сарқылуына және елден тыс жерлерде ауыр экономикалық зардаптарға әкелуі мүмкін деп ескертеді.

About Қалмұрат

Журналистика саласына кездейсоқ келіп қалсам да бұл салаға қызығушылығым оянғандықтан журналистикада жүргеніме 20 жыл болды. Алғашқы еңбек жолымды "Керуенбасы" газетінде корректорлықтан бастадым. Содан бері баспа журналистиканың барлық саласынан өттім. 2 рет газет шығарушы баспагер де болдым. Осы сайтымнан Сіздер өздеріңізге қажетті ақпараттар аласыздар деген ойдамын. Сіздер біздің жаңалықтарымызды: https://www.facebook.com/me/ https://twitter.com/KalmuratD www.sayipqiran.kz%2F%3Fp%3D8202 https://www.instagram.com/saipkiran.kz/ https://t.me/sayipkir арқылы да біле аласыздар.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

*

x

Check Also

СЕРТ БЕРУ – ЖАУЫНГЕР ДӘСТҮРІ

        ...

2023 ЖЫЛҒЫ ҮЛГІДЕГІ, НОМИНАЛЫ 5 000 ТЕҢГЕЛІК БАНКНОТАЛАРДЫ АЙНАЛЫМҒА ШЫҒАРДЫ

        ...

ҚАЗАҚСТАН ҰЛТТЫҚ БАНКІ 28 МАУСЫМДА 2024 ЖЫЛҒЫ ҮЛГІДЕГІ ЖАҢА ДИЗАЙНМЕН НОМИНАЛЫ 10 000 ТЕҢГЕЛІК БАНКНОТАНЫ АЙНАЛЫМҒА ШЫҒАРДЫ

        ...

АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ САЛАСЫНДА ОҢ ӨЗГЕРІСТЕР БАР

        ...

«JETISAI MARATHON – 2024» МАРАФОНЫНА МЫҢҒА ЖУЫҚ ТҰРҒЫН ҚАТЫСТЫ

        ...

ЖЕТІСАЙ АУДАНЫНДА ҚҰРЫЛЫС ҚАРҚЫНДЫ

        ...

21 ЛЕТНЫЙ ТАЭКВОНДИСТ УЕХАЛ В США

Автор: НАЗИРА БУРХАНОВА,  журналист. ...

«МАҚТААРАЛ» КЕҢШАРЫНА – 100 ЖЫЛ!

Қазіргі Түркістан облысының Мақтаарал ...

БІРЛІГІ БІРТҰТАС БІРЛЕСТІК

        ...

МАТЕМАТИКА ӘДІСТЕМЕ БІРЛЕСТІГІНДЕ АТҚАРЫЛЫП ЖАТҚАН ІСТЕР ОРАСАН

        ...