Deprecated: Function is_staging_site is deprecated since version 3.3.0! Use in_safe_mode instead. in /var/www/vhosts/sayipqiran.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6031
БІРЛІК – БЕРЕКЕ БАСТАУЫ - САЙЫПҚЫРАН.KZ Ақпаратты-сараптамалық порталы
Home » PRESS RELEASE » News » БІРЛІК – БЕРЕКЕ БАСТАУЫ

БІРЛІК – БЕРЕКЕ БАСТАУЫ

         Бірлік – адамзатты жаңа белестерге шығарған үлкен құндылық. Бұл қасиетті қадір тұтқан қазақ халқы оны мақалдарынан да, даналықтарынан да жырақ қалдырмаған. Ұлы Дала пәлсапасының көрінісі болған мақалдарда «Бірлік болмай тірлік болмайды», «Ағайын тату болса ат көп, абысын тату болса ас көп» делінсе, даналардың сөздері «Біріңді қазақ бірің дос, көрмесең істің бәрі бос»,-деген қанатты сөздермен өрбіп жатты.
          Адам жаңашыңдарға қолжеткізгісі келсе, онда өзі сынды өзге адамдар мен бірігуге тиіс, достасуы керек, татуласуға мәжбүр.Демек, адамдардың барлығы бірдей бола алмайды, олар бір-біріне бағынышты, тәуелді. Егер қоғамда адамдардың бірлігі берік болса, қоғамның барлық салалары бірдей өркендейді. Жұдырық болып жұмылған қамал алады. Ал егер араларында татулық пен бірлік болмаса, бір-бірімен мәмілеге келе алмаса, ол қоғам ертелі-кеш құрдымға ұшырап құлдырайды. Сол себепті де дана халқымыз «Бөлінгенді бөрі жейді»,- дейтін. Ал егер ол қоғам орнына бірлігі жарасқан басқа қоғам келеді және солай жалғаса береді. Бұл сөзімізге тарих беттері куә бола алады.
         Тағы бір атап кетер жәйт, қазақ халқы қашан да қонақжайлылығымен танылған. Тәуелсіздікке қол жеткізгенге дейін сан халыққа пана болған байтақ даламыз, тәуелсіздікке қол жеткізгеннен кейін де құшағын тарылтпады. Түрлі ұлттар мен дін өкілдеріне бесік болған еліміз қазіргі таңда әлемдегі алдыңғы қатарлы мемлекеттер қатарына қосылып та үлгерді. Бұның ең үлкен себептерінің бірі де – шаңырақты шайқалтпай ұстап тұрған керегелердей жүздеген ұлт өкілдерінің бірлігі мен тату өмір сүрулері.
          Алла Тағала Құран Кәрімде: «Әй, адам баласы! Шүбәсіз сендерді бір ер, бір әйелден (Адам, Хауадан) жараттық. Сондай-ақ, бір-біріңді тануларың үшін сендерді ұлттар, рулар қылдық. Шынында, Алланың қасында ең ардақтыларың тақуаларың. Шәксіз Алла толық білуші, әр нәрседен хабар алушы»,-деп баяндаған. Ендеше, адамдардың бір-біріне ұқсамауы, ұлттар мен руларға және басқа да ерекшеліктерімен ерекшеленуі табиғи жағдай. Алайда, бұл аятта назар салу керек бірнеше жәйт бар.
          Біріншісі, адамдарды түрлі ұлттар мен руларға бөлген Алланың өзі. Ендеше өзін мұсылманмын деп білген адам Алла ісіне налуы тиіс емес. Сондай-ақ, бір ұлтты екінші ұлттан кем немесе артық деп санауға да болмайды.
         Екіншісі, барлық адамдар бір ер мен бір әйелден жаратылғандығына сілтеме жасалуы. Бұл деген адамның қайсы бір сипатына бола бөлектемей, бауыр көріп, адами қасиет шеңберінде мәміледе болу керек дегенді ұғындырады.
         Үшіншіден, «Шынында Алланың қасында ең ардақтыларың тақуаларың» деген үзіндіден адамды адамнан ажырататын қасиет тек тақуалық екенін түсінеміз. Тақуалықтың орны жүректе, көрінісі іс-әрекетте, ал бағалаушысы Алла Тағаланың өзі. Сол себепті қандай да бір ұлтты, елді немесе көпшілікті жамандауға еш қақымыз жоқ. Біздің түсінуіміз тиіс нәрсе, ол тек өзімізді тақуалыққа тәрбиелеп, шама жеткенше жамандықтан тыйып, жақсылыққа шақыру ғана. Ал кімнің қандай екенін Алла бізсіз-ақ біледі. Себебі, Алла толық білуші, әр нәрседен хабар алушы. Осылайша Алла  адамдарды бір бірінен ерекше еткенімен, дәл осы ерекшелікпен бір-бірін толықтырған.
        Дінаралық және ұлтаралық түсіністік – Ислам дінінің негізгі жолының бірі.Барша мұсылман бір-біріне туыс, бауыр. Сонымен қатар, көршімен және басқа да діндегілермен өзара қарым-қатынас сияқты мәселелердің жол-жобасы бізге белгіленіп берілген.
        Ардақты Пайғамбарымыз Мұхаммед (с.а.с.):«…Көпшілікпен бірге болыңдар! Бөлінуден сақтаныңдар»,-деп өсиет еткен. Дін ғұламалары қашан да барша адам баласын мейірімділікке, ортақ мақсатқа үндеген.
         Біз қандай жетістікке жетсек де бірлігіміздің арқасында қол жеткіздік.  Достық пен ынтымақ, татулық пен бірлік сынды құндылықтар барша қазақстандық азамат үшін аса маңызды игілікке айналды.  Президентіміз Қасым-Жомарт Тоқаев айтқандай, бейбітшілік пен қоғамдық келісім – баға жетпес байлығымыз. Біздің бірлігіміз бекем, мақсатымыз ортақ, рухымыз асқақ. Соның арқасында кез келген қиындықты жеңіп, дамудың даңғыл жолында келеміз.
         Қорыта айтқанда дана халқымыздың: «Алтау ала болса, ауыздағы кетеді, төртеу түгел болса, төбедегі келеді»,-деген сөзінде үлкен мән бар екенін түсініп есте сақтауымыз керек.
Д.АМАНОВ,
Түркістан облысының дін істері басқармасы
«Дін мәселелерін зерттеу орталығы» КММ-нің
Мақтаарал ауданындағы дінтанушы маманы.

About Қалмұрат

Журналистика саласына кездейсоқ келіп қалсам да бұл салаға қызығушылығым оянғандықтан журналистикада жүргеніме 20 жыл болды. Алғашқы еңбек жолымды "Керуенбасы" газетінде корректорлықтан бастадым. Содан бері баспа журналистиканың барлық саласынан өттім. 2 рет газет шығарушы баспагер де болдым. Осы сайтымнан Сіздер өздеріңізге қажетті ақпараттар аласыздар деген ойдамын. Сіздер біздің жаңалықтарымызды: https://www.facebook.com/me/ https://twitter.com/KalmuratD www.sayipqiran.kz%2F%3Fp%3D8202 https://www.instagram.com/saipkiran.kz/ https://t.me/sayipkir арқылы да біле аласыздар.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

*

x

Check Also

СИҚЫРЛЫ САНДАР

Мақсаты:  1 – 5 ...

СИҚЫРЛЫ ПІШІНДЕР

Б/М: Мақсаты: Балаларға өздеріне ...

АЛТЫН КҮЗ

Мақсаты: Балаларға күз мезгілінің ...

АДАСҚАН КЕЙІПКЕРЛЕРГЕ КӨМЕКТЕС

Мақсаты: Балаларды өтілген әріптерді ...

ҰЛТТЫҚ ҚҰНДЫЛЫҚТАР

Мақсаты:  Ұлттық құндылықтар туралы  ...

ӨРНЕК ӘЖЕГЕ ҚОНАҚҚА БАРАМЫЗ

Мақсаты: Ою-өрнек туралы мағлұмат ...

«АЛТЫН КҮЗ» МЕРЕКЕСІ ТОЙЛАНУДА

Мақтаарал ауданының диқандары «Алтвн ...

Ұлттық ойындар

Ата-ана қатысуымен ұйымдастырылған іс-әрекеттің ...

ҰЛТТЫҚ ҚҰНДЫЛЫҚТАР – ТӘРБИЕНІҢ ТҮП ҚАЗЫҒЫ

Дағдылар: «Қатынас» «Сөйлеуді дамыту», ...

КЕЛДІ МІНЕ АЛТЫН КҮЗ

Мақсаты: Балаларды күз әлемімен ...