Deprecated: Function is_staging_site is deprecated since version 3.3.0! Use in_safe_mode instead. in /var/www/vhosts/sayipqiran.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6031
ӨЗБЕКСТАНДЫҚ ІРІ КОМПАНИЯ АУДАНДА БІРНЕШЕ КӘСІПОРЫН АШУДЫ КӨЗДЕП ОТЫР - САЙЫПҚЫРАН.KZ Ақпаратты-сараптамалық порталы
Home » Business » ӨЗБЕКСТАНДЫҚ ІРІ КОМПАНИЯ АУДАНДА БІРНЕШЕ КӘСІПОРЫН АШУДЫ КӨЗДЕП ОТЫР

ӨЗБЕКСТАНДЫҚ ІРІ КОМПАНИЯ АУДАНДА БІРНЕШЕ КӘСІПОРЫН АШУДЫ КӨЗДЕП ОТЫР

        Мақта-тоқыма кластерімен айналысатын өзбекстандық ең ірі компаниялардың бірі – «Global textile» компаниясы биылдан бастап Қазақстанның Мақтаарал ауданының нарығында жұмыс істеуге кірісті.
        Қазіргі таңда аудан әкімдігімен бірлесе отырып сапасына кепілдік берілген мақта тұқымын шаруаларға тарату, ол үшін заң аясында қажетті келісім-шарттар жасасу жұмыстарын жүргізуде.
        Биылдың өзінде аталған компания Мақтаарал ауданында 2-3 мың гектарға жуық жерге өзбекстандық «Сұлтан» және «Наманган» тұқым сорттарын жеткізуді және күзге қарай аталған сорттардың мақта талшығын сатып алуды жоспарлап отыр.

        Осыған орай, аудандық «Ақ алтын» мәдениет үйінде «Global textile» компаниясы  мен мақтааралдық шаруалар кездесу өткізіп, өзара пікір алмасты.
         Жиынға төрағалық еткен аудан әкімінің орынбасары Нұрбол Саттаров ауданның негізгі шаруашылығы саналатын мақта саласын дамыту және мақта талшығының бағасын тұрақтандыру үшін аудан басшылығы тарапынан инвесторларды тарту бойынша белсенді жұмыстар жүргізіліп жатқанын атап өтті. Облыс басшысы Д.Сатыбалдының және аудан басшылығының қолдауымен ауданымызға келген инвесторлардың бірі – осы «Global textile» компаниясы екенін айтты. Сондай-ақ, ауданға инвестиция тарту бойынша жұмыстар өз жалғасын табатынын еске салды.
       Іс-шарада компанияның өкілі Дәулет Тұрсынбаев арнайы презентация жасап, «Global textile» компаниясының тарихы, қазіргі жағдайы және алдағы жоспарлары туралы кеңінен мәлімдеме жасады.
       «Global textile» компаниясы мақтаның шитінен бастап жіп иіру, мата тоқу, киім тігуге дейінгі аралықтағы кластерді толық қамтитынын, қазіргі уақытта компанияның Ташкент қаласы мен Ферғана облысындағы 15-ке жуық кәсіпорындарында жалпы саны 5 мыңнан астам жұмысшы жұмыс істейтінін компания өкілі атап өтті.
        «Кәсіпорынның ендігі мақсаты – Мақтаарал ауданында 2 мыңнан астам адамды тұрақты жұмыс орнымен қамтитын 5 ірі кәсіпорынды іске қосу. Ол үшін 2023-2027 жылдарға арналған «Global textile. Turkistan» жобасын дайындадық. Құны 45 миллион долларды құрайтын жоба аясында логистика хабы, мақтаны бастапқы өңдеу зауыты, трикотаж мақта фабрикасы, мата боя фабрикасы және тігін фабрикалары іске қосылатын болады» – деді, компания өкілі.
        Жиын соңында шаруалар тарапынан компания өкілдеріне сұрақтар қойылып, тиісті жауаптар берілді.
 Мақтаарал ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі.

About Қалмұрат

Журналистика саласына кездейсоқ келіп қалсам да бұл салаға қызығушылығым оянғандықтан журналистикада жүргеніме 20 жыл болды. Алғашқы еңбек жолымды "Керуенбасы" газетінде корректорлықтан бастадым. Содан бері баспа журналистиканың барлық саласынан өттім. 2 рет газет шығарушы баспагер де болдым. Осы сайтымнан Сіздер өздеріңізге қажетті ақпараттар аласыздар деген ойдамын. Сіздер біздің жаңалықтарымызды: https://www.facebook.com/me/ https://twitter.com/KalmuratD www.sayipqiran.kz%2F%3Fp%3D8202 https://www.instagram.com/saipkiran.kz/ https://t.me/sayipkir арқылы да біле аласыздар.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

*

x

Check Also

2023 ЖЫЛҒЫ ҮЛГІДЕГІ, НОМИНАЛЫ 5 000 ТЕҢГЕЛІК БАНКНОТАЛАРДЫ АЙНАЛЫМҒА ШЫҒАРДЫ

        ...

ҚАЗАҚСТАН ҰЛТТЫҚ БАНКІ 28 МАУСЫМДА 2024 ЖЫЛҒЫ ҮЛГІДЕГІ ЖАҢА ДИЗАЙНМЕН НОМИНАЛЫ 10 000 ТЕҢГЕЛІК БАНКНОТАНЫ АЙНАЛЫМҒА ШЫҒАРДЫ

        ...

АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ САЛАСЫНДА ОҢ ӨЗГЕРІСТЕР БАР

        ...

«JETISAI MARATHON – 2024» МАРАФОНЫНА МЫҢҒА ЖУЫҚ ТҰРҒЫН ҚАТЫСТЫ

        ...

ЖЕТІСАЙ АУДАНЫНДА ҚҰРЫЛЫС ҚАРҚЫНДЫ

        ...

21 ЛЕТНЫЙ ТАЭКВОНДИСТ УЕХАЛ В США

Автор: НАЗИРА БУРХАНОВА,  журналист. ...

«МАҚТААРАЛ» КЕҢШАРЫНА – 100 ЖЫЛ!

Қазіргі Түркістан облысының Мақтаарал ...

БІРЛІГІ БІРТҰТАС БІРЛЕСТІК

        ...

МАТЕМАТИКА ӘДІСТЕМЕ БІРЛЕСТІГІНДЕ АТҚАРЫЛЫП ЖАТҚАН ІСТЕР ОРАСАН

        ...

ШӘКІРТ ТӘРБИЕЛЕУ – БОЛАШАҚТЫ ҚАЛЫПТАСТЫРУ

        ...