Deprecated: Function is_staging_site is deprecated since version 3.3.0! Use in_safe_mode instead. in /var/www/vhosts/sayipqiran.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6031
НАУРЫЗ МЕЙРАМЫНЫҢ ХАЛҚЫМЫЗ ҮШІН ҚАДІР-ҚАСИЕТІ - САЙЫПҚЫРАН.KZ Ақпаратты-сараптамалық порталы
Home » PRESS RELEASE » News » НАУРЫЗ МЕЙРАМЫНЫҢ ХАЛҚЫМЫЗ ҮШІН ҚАДІР-ҚАСИЕТІ

НАУРЫЗ МЕЙРАМЫНЫҢ ХАЛҚЫМЫЗ ҮШІН ҚАДІР-ҚАСИЕТІ

         Наурыз айының жиырма екінші жұлдызы халқымыз үшін қасиетті мейрам. Себебі күн мен түннің теңелген күні, яғни жаңа жылдың бастауы. Жаңа жылдың бастауы дейтініміздің себебі – қыста еңсені езер Арқаның үскірік аязының беті қайтып, беткейдегі бәйшешек гүлдеп, негізгі күн көрісі төрт түлігі төлдеп, құлын-тайдың аузы көкке ілінуі нағыз жаңа жылдың, жаңа күннің бастауы іспетті.
        Наурызға байланысты халық аузында жинақталған аңыз әңгіме тым көп-ақ. Бұл мейрамның пайда болу тарихы осыдан 2-3 мың жыл алдын болған десе, этнограф профессор Ж.Артықбаев болса 10-13 мың жыл алдын болған деген ұстанымда. Себебі ел аузында сақталған тарихи дәлдікке жақын нұсқасы М.Ж.Көпейұлының нұсқасы. Онда былай дейді: «Кеме Қазығұрттың басына басына тоқтаған күн қасиетті Мұхарам айының оны екен, жұлдыз есебімен санағанда күннің Хамалдың бірінші уәжібіне кірген күні»,-дейді. Мұны профессор былай түсіндіреді: «Араб күнтізбесі ай есебіне негізделгеннен кейін ылғи да өзгеріп отырады, дегенмен Мұхарам айы оларда қасиетті ай, жылдың басы деген құрметке ие, ал жұлдыз есебімен санасақ Хамал қазіргі уақытта Тоқты аталады және қазіргі наурыз айына сәйкеседі. Осы себепті қазақ жерінің батыс аймақтарында Наурызды «Амал мерекесі»,-деп те атайды, «Амал» дегені «Хамалдан» шығады»,-деген деректі келтіреді. Демек қалай болғанда да Наурыз мейрамының пайда болу тарихы Нұқ пайғамбардың топан су қайтқаннан кейінгі болған оқиғалармен тікелей байланысты. Ал топан судың болған уақыты ғылыми көзқарастар негізінде осыдан 13 мың жыл алдын болған деседі.
          Бұл Наурыз мейрамын қазақ халқынан басқа күншығыс елдерінің көбі тойлайды. Сондай-ақ Үндістан, Иран, Ауған, Қырғыз, Өзбек, Кавказ елдерінің барлығында да тойланады екен. Бірақ тілдік және мәдени ерекшеліктерге байланысты түрлі атаумен аталады. Наурыз мейрамының қадір-қасиеті туралы Алаш зиялысы М.Дулатов 1923 жылы шыққан Еңбекші қазақ газетінде былай дейді: «Жер жүзіндегі жұрттардың бәрінің  де түрлі-түрлі мейрамдары болады. Мәселен, дін мейрамы, ұлт мейрамы, мемлекет мейрамы»,-деген секілді. Өзгелерді былай қойғанда, өзіміздің көршіміз орыс жұртын алсақ, бұл туралы қазақтың мақалы да бар: «Орыста мейрам көп, қазақта айран көп»,-деген. Біздің қазақ айранға бай болғанымен, мейрамға жарлы екендігі осыдан да көрінеді. Жалпы мұсылман жұрттарына ортақ жылына екі рет келетін ораза, құрбан айттарын есепке алмағанда, бізде жалғыз-ақ мейрам бар, ол – Наурыз»,-деген екен. Тарих толқынанда 1926 жылы Наурыз мейрамын тойлауға Кеңес үкіметі тарапынан үзілді кесілді тыйым салында. Бұл туралы А.Байтұрсынов: «Бұрыңғы кезде һәр елде наурыз туғанда мейрам қылып бас асып, қазан-қазан көже істеп ауылдан ауылға, үйден-үйге жүріп кәрі-жас, қатын-қалаш бәрі де мәз болып, көрісіп, араласып қалушы еді. Бұл кезде ол ғұрып қазақ арасында қалып бара жатқан секілді…»,-деп күйзеледі. Арада алпыс екі жыл дегенде 1988 жылы ҚазақКСР-ның бірінші хатшысы ретінде тағайындалған Г.В.Колбин 1986 жылғы қасіретті жамап-жасқау үшін ұлыстың ұлы күні наурыз мейрамын тойлауға шартты түрде рұқсат беріп, қазақ жанашырларының табандылығынан әрі аса алмады. Осылайша халқымызға ұлыстың ұлы күні наурыз қайта оралған болатын.
         Кейде ел арасында наурызды тойлауға болмайды. Бұл парсылардан келген, олардан алдын отқа табынушылар тойлаған. Сондықтан да отқа табынушылардың мейрамын тойлауға болмайды деп Алла Елшісінің бірді екілі хадисін жаттап алып шариғат соғып жататындары да болып жатады. Еуразия халықтарының көбінде «Наурыз» сөзі кездеседі екен. Үнді-иран, герман-латын тілдес халықтарда «Новый», «Нео» яғни жаңа деген мағынаны білдіреді. Ал парсы тілінде «Новруз» жаңа күн деген мағынаны білдіреді. Алайда парсыдан алыс қалың қарағайлы орман ішіндегі чуваш халқының тілінде де «ноурас-ойахе» яғни наурыз деген сөз бар. Осыған қарап наурызды тек парсылар ғана емес көне түркі халықтары да тойлаған деген тұжырымға келуге болады. Кезінде наурыз мейрамын тойлауға болмайды деген көзқарасты ұстанған Ханафи мазхабы ғалымдары да болған. Бірақ саны шектеулі. Өйткені сол ғалым тұратын өңірде наурыз кезінде отқа табынушылық элементтері (отты айнала жүгіру, оттан секіру, отқа сыйыну) болғандығы себепті осындай пәтуа берген болуы мүмкін. Ал Алла Елшісінің (с.а.с.) бір хадисінде: «Амалдар ниетке байланысты»,-деген сөзін ескерер болсақ наурыз мейрамының да шариғаттың жолынан алыс еместігін байқауға болады. Өз оқырманының жүрегіне жол тауып үлгерген Ұ.Нұрғалымұлының «Дайағашшы» кітабында Алтайдың арғы бетін қоныс еткен қазақтардың өмірінен наурыз мейрамы туралы: «Ол күні ауырып отырғандар болмаса барлық адам ашық-жарқын болады. Әдетте, қабақтары құрмадай құрысып отыратын шалдардың өзі шұнаңдап балаларға тіл қатады… Ақсақалдар жылдың жайын, тәубе шүкірін айтады. Алладан елдің тыныштығын сұрап алақан жаяды… Ақсақалдар өнегелі әңгіме айтады. Жыр айтады..»,-деген мәліметтерді оқи отырып елдің амандығын Жаратқаннан сұраудың тағы бір жолы осы Наурыз мейрамы екен-ау деген ойға қаласың. Өйткені қазақта «Қырықтың бірі Қыдыр» деген сөз қалған.
         Қалай болғанда да Ұлыстың Ұлы күні атанған Наурыз мейрамы Еуразия даласын еркін жайлаған ежелгі түркі халықтарының мейрамы екендігі айқын. Ал сол түркінің қара шаңырағы әрине қазақ жері екендігі дәлелдеуді қажет етпейді. Өзіміздің ұлттық нақышымыз наурыз мейрамын ұрпақтан-ұрпаққа жетуі барлығымыз үшін міндетті бір амал. Наурыз мейрамын тойлау біздің рухани өмірімізге мән дарытып тұрған қасиетті мейрам болып қала бермек.
Қ.ҚОСМАХАНОВ,
Түркістан облысы дін істері басқармасының
«Дін мәселелерін зерттеу орталығы» КММ-нің теолог маманы.
 

About Қалмұрат

Журналистика саласына кездейсоқ келіп қалсам да бұл салаға қызығушылығым оянғандықтан журналистикада жүргеніме 20 жыл болды. Алғашқы еңбек жолымды "Керуенбасы" газетінде корректорлықтан бастадым. Содан бері баспа журналистиканың барлық саласынан өттім. 2 рет газет шығарушы баспагер де болдым. Осы сайтымнан Сіздер өздеріңізге қажетті ақпараттар аласыздар деген ойдамын. Сіздер біздің жаңалықтарымызды: https://www.facebook.com/me/ https://twitter.com/KalmuratD www.sayipqiran.kz%2F%3Fp%3D8202 https://www.instagram.com/saipkiran.kz/ https://t.me/sayipkir арқылы да біле аласыздар.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

*

x

Check Also

2023 ЖЫЛҒЫ ҮЛГІДЕГІ, НОМИНАЛЫ 5 000 ТЕҢГЕЛІК БАНКНОТАЛАРДЫ АЙНАЛЫМҒА ШЫҒАРДЫ

        ...

ҚАЗАҚСТАН ҰЛТТЫҚ БАНКІ 28 МАУСЫМДА 2024 ЖЫЛҒЫ ҮЛГІДЕГІ ЖАҢА ДИЗАЙНМЕН НОМИНАЛЫ 10 000 ТЕҢГЕЛІК БАНКНОТАНЫ АЙНАЛЫМҒА ШЫҒАРДЫ

        ...

АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ САЛАСЫНДА ОҢ ӨЗГЕРІСТЕР БАР

        ...

«JETISAI MARATHON – 2024» МАРАФОНЫНА МЫҢҒА ЖУЫҚ ТҰРҒЫН ҚАТЫСТЫ

        ...

ЖЕТІСАЙ АУДАНЫНДА ҚҰРЫЛЫС ҚАРҚЫНДЫ

        ...

21 ЛЕТНЫЙ ТАЭКВОНДИСТ УЕХАЛ В США

Автор: НАЗИРА БУРХАНОВА,  журналист. ...

«МАҚТААРАЛ» КЕҢШАРЫНА – 100 ЖЫЛ!

Қазіргі Түркістан облысының Мақтаарал ...

БІРЛІГІ БІРТҰТАС БІРЛЕСТІК

        ...

МАТЕМАТИКА ӘДІСТЕМЕ БІРЛЕСТІГІНДЕ АТҚАРЫЛЫП ЖАТҚАН ІСТЕР ОРАСАН

        ...

ШӘКІРТ ТӘРБИЕЛЕУ – БОЛАШАҚТЫ ҚАЛЫПТАСТЫРУ

        ...