Deprecated: Function is_staging_site is deprecated since version 3.3.0! Use in_safe_mode instead. in /var/www/vhosts/sayipqiran.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6031
КҮН, ҚҰМ, ЖАҒАЖАЙЫМЕН ТАРТЫМДЫ - САЙЫПҚЫРАН.KZ Ақпаратты-сараптамалық порталы
Home » Business » КҮН, ҚҰМ, ЖАҒАЖАЙЫМЕН ТАРТЫМДЫ

КҮН, ҚҰМ, ЖАҒАЖАЙЫМЕН ТАРТЫМДЫ

         Түркияның Жерорта теңізінің жағалауын “Түрік ривьерасы” деп бекер атамайды. Ел іші мен шекара сыртынан жыл сайын миллиондаған туристің сүйікті мекеніне айналған Жерорта теңізінің аймағы жағажай, құм және Күнімен ғана емес, салт-дәстүрімен, тамырын тереңге тартқан тарихымен, мәдениетімен тартымды.
          Келушілерге демалыспен қатар түрлі шара ұсынатын Түрік ривьерасы саяхаттың саналуан қырын меңгерген. Жерорта теңізі дегенде ең алдымен Анталья келеді көз алдына. Өзінің 229 жағажайымен, тарихи мекендерімен, тіл үйіретін тағамдарымен, Жұмаққа айналған табиғатымен, спорттық шараларымен орны бөлек Антальяны тұрақты демалыс орнына айналдырғандар көп.

Туристерді баурап алған Караин, Дамлаташ, Дим орналасқан жерлердің сұлулығы таңдай қақтырады. Анталья маңында әлемдегі ең керемет жаяу жүргінші жолы бар. Мысалы, Писидияның мирас соқпағы, Ликия соқпағы, қасиетті Павл жолы. Антальядағы Каш ауданы әлемдегі ең керемет 10 дайвинг мекенінің бірі ретінде танымал. Осы ауданда парагладайвинг, су спортының басқа түрлері туристерді қатты қызықтырады. Ал Белек өзінің әлемдік деңгейдегі гольф алаңдарымен танымал.
         Түрік ривьерасының тізіміндегі Афьонкарахисар, Анталия, Бурдур, Испарта и Конья шеңберінде 16 көл бар. Сондай-ақ, Акшехир, Бурдур, Бейшехир, Эйрдир, Ковада мен Салда Travel + Leisure тарапынан “2023 жылдағы саяхпт жасайтын ең үздік мекендер” қатарынан табылды. Антальяға барсаңыз, тектоникалық көлдерді, тарихи римдік ескерткіштерді тамашалайсыз.
        Түркиядағы лаванданы өсіретін аймақ – Испарта көлдер алаңында орналасқан. Жерорта теңізінің саналуан сұлулығымен  қызыштыратын Испарта Тавр тауындағы бағалы тастың қалай жарқылайтынын көрсетеді.
          Жерорта теңізінің гастрономиялық артықшылығы – бөлек әңгіме. Балық пен еңіз өнімдеріне басымдық берілетін тағамдарға көкөніс мол қосылады. Жергілікті шарап, күнефе мен балмұздақ та тек осы аймаққа тән.

About Қалмұрат

Журналистика саласына кездейсоқ келіп қалсам да бұл салаға қызығушылығым оянғандықтан журналистикада жүргеніме 20 жыл болды. Алғашқы еңбек жолымды "Керуенбасы" газетінде корректорлықтан бастадым. Содан бері баспа журналистиканың барлық саласынан өттім. 2 рет газет шығарушы баспагер де болдым. Осы сайтымнан Сіздер өздеріңізге қажетті ақпараттар аласыздар деген ойдамын. Сіздер біздің жаңалықтарымызды: https://www.facebook.com/me/ https://twitter.com/KalmuratD www.sayipqiran.kz%2F%3Fp%3D8202 https://www.instagram.com/saipkiran.kz/ https://t.me/sayipkir арқылы да біле аласыздар.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

*

x

Check Also

САНСЫЗБАЙ САРҒАСҚАЕВТЫҢ «ТӘМПІШ ҚАРА» ШЫҒАРМАСЫ КЕЙІПКЕРЛЕРІ

      Оқу ...

ОТКРЫТЫЙ УРОК НА ТЕМУ «НАРЕЧИЕ. СТЕПЕНИ СРАВНЕНИЯ НАРЕЧИЙ» В 7 КЛАССЕ С ИСПОЛЬЗОВАНИЕМ СОВРЕМЕННЫХ ОБРАЗОВАТЕЛЬНЫХ РЕСУРСОВ

        ...

НАУРЫЗ МЕЙРАМЫ – КӨКТЕМ МЕН ЖАҢАРУ МЕРЕКЕСІ!

       Ұлттық ...

ӘЗ-НАУРЫЗ — ЖАҢА КҮННІҢ ЖАРШЫСЫ

        ...

ТАЗА ҚАЗАҚСТАН – ЖАРҚЫН БОЛАШАҚ!

      «Таза ...

«ЖАСАНДЫ ИНТЕЛЛЕКТ ӘЛІППЕСІ» КІТАБЫНЫҢ ТҰСАУКЕСЕРІ ӨТТІ

        ...

ЖЕТІСАЙ ЖАСТАРЫ ОБЛЫСТЫҚ ЧЕМПИОНАТТА ЖҮЛДЕГЕР АТАНДЫ

        ...

ЦИФРЛЫҚ ӘЛЕМДЕГІ ЗАМАНАУИ БІЛІМ БЕРУ ӘДІСІ

        ...

БҰЛ ӘРБІР АЗАМАТТЫҢ ҚАСИЕТТІ МІНДЕТІ БОЛУЫ КЕРЕК

        ...

ҰЛТ КЕМЕҢГЕРІНЕ АРНАЛҒАН ЖЫР САЙЫСЫ

        ...