РАМАЗАН АЙЫНДА ТАМАҚТАН УЛАНУДЫҢ АЛДЫН-АЛУ
Posted by: Қалмұрат
in News, PRESS RELEASE, Әлеумет, Денсаулық, Маман кеңесі, Пайдалы кеңестер
18/04/2023
1 Views
Қасиетті Рамазан айында әрбір отбасы ауызашарға туған-туысқандары мен жақындарын шақыруды өз парызы деп санайды. Мешіттерде, дәмханаларда, мейрамханаларда ауыз-ашар өткізу әдеттегі құбылысқа айналды, оған көптеген адамдар шақырылады.
Тағамнан улану және жұқпалы аурулар жағдайларын болдырмау мақсатында, осы іс-шараларды ұйымдастырушылардан санитариялық талаптарды қатаң сақтауды сұраймыз.
Қоғамдық тамақтану орынның персоналы медициналық тексеруден өткеннен кейін және жеке медициналық кітапшасы болған соң ғана жұмысқа жіберілуі міндетті, сонымен қатар ыдыс жуу үшін жуу және дезинфекциялау құралдарының қоры болуды, ыдыс жу ережесін қатаң сақтауды, асқа дейін біраз уақыт қалғанда, тағамдарды әзірлеп қойып, дастарханды жайып қоюдан бас тартуды, тағам түрлерін қажетті температуралық режимде сақтауды, тез бұзылатын өнімдердің сақтау мерзімін ескере отырып (әсіресе пісірілген ет, аспаздық өнімдер, кремдік кондитерлік өнімдер, қымыз т.с.с кешегі үстелден кейін қалған тез бұзылатын тағам өнімдерін пайдаланудан алып тастауды, көкөністер мен жемістерді мұқият жууды, персоналдың және қонақтардың жеке гигиена ережелерін қатаң сақтау қажет (сабынмен, бір рет қолданылатын сүлгілермен қамтамасыз етуді). Сонымен қатар тамақ беретін орынның үй жайлары желдетілу қажеттігі ұсынылады.
С.К.АШИМОВА,
Мақтаарал аудандық СЭББ-ның жетекші маманы.
Ас Дастархан Рамазан айы Сақтық шаралары 2023-04-18