25 СӘУІР – БҮКІЛ ДҮНИЕЖҮЗІЛІК БЕЗГЕККЕ ҚАРСЫ КҮРЕС КҮНІ
Posted by: Қалмұрат
in News, Әлеумет, Денсаулық, Здоровье, Маман кеңесі, Өзекті мәселе, Пайдалы кеңестер
24/04/2023
5 Views
Бүкіләлемдік безгекке қарсы күрес күнін Дүние жүзілік денсаулық сақтау ассамблеясы 2007 жылы мамыр айында өткен сессияда бекітті.бұл безгекке қарсы күрес жүргізуді қамтамасыз ету бойынша жахандық күш жұмылдыру қажеттігін мойындау күні. Осы күні ауру белең алған елдер бір-бірімен тәжірибе алмасып, бірін-бірі қолдауға жұмылдырады.
Ауруды өз уақытында емдеп, нәтижелі ем қолданбаса, қалтырау, безгектік кома, жедел бүйрек жетіспеушілік, бауыр мен көк бауырдың ісінуі және тағы басқа ауыр асқынулар болады. Безгек ауру адамнан тасымалдаушы Anopheles тұқымдас масалары арқылы жұғады (трансмиссивті). Безгектің 4 түрі белгілі:
Үш күндік безгек безгектік инвазияның қатерсіз түрі, көп жағдайда ауыр асқынулар болмайды.
Клиникалық көрінісіне қалтырау ыстықтау, терлеу, анемияның тез дамуы, бауыр мен көк бауырдың ісінуі тән. Аурудың жалпы ұзақтығы – 1,5-2 жылдан 3-4 жылға дейін.
Ovale безгегі үш күндік безгекке ұқсас.
Аурудың жалпы ұзақтығы 2-4 жыл (сирек жағдайларда 8 жылға дейін).
Төрткүндік безгек. Ауру өте тез дамиды, қалтырау, күйіп-жану, терлегіштік белгілері айқын өтеді, бауыр мен көк бауыр үлкейеді.
Тропикалық безгек-өте ауыр түрі, тропикалық елдерде тараған.
Безгектің ауыр түрлері жас балаларда, жүктілерде жиі кездеседі, бұл бейімделу механизмінің жетілмегендігімен, тәннің қорғаныш қабілетінің жоқтығымен немесе жеткіліксіздігімен түсіндіріледі. Сондықтан, безгекке қарсы шаралар көбіне жас балалар мен жүкті әйелдерді қорғауға бағытталады.
Диагностикасында қанның ірі тамшысы мен қан жағындысындағы қоздырғыштарды (плазмодилерді) табу шешуші орын алады.
ЕМДЕУ. Ем аурудың нақты эпидемиологиялық жағдайына, қоздырғыштың
түріне, ойың тағайындалатын химиопрепаратқа сезімталдығына, аурудың кезеңі мен ауырлығына қатысты жүргізіледі. Емі қоздырғыштардың (плазмодилердің) тіршілігін жоюға, патофизиологиялық процесстерді қалыптастыруға бағытталады. Сондай-ақ, споронтоцидті дәрілер хлоридин, прогуанип.
АЛДЫН-АЛУ. Безгектің алдын-алу мақсатында химиопрофилактика жүргізіліп, масалардан қорғану шаралары (терезелерге тор тігу, ларьицидті дәрілер) қолданылады. Соңғы жылдары қоршаған ортаны қорғау мақсатында биологиялық әдістер кең таралуда.
А.ЕРЖИГИТОВА,
Мақтаарал аудандық СЭББ-тің жетекші маманы.
Безгек туралы мақала 2023-04-24