Deprecated: Function is_staging_site is deprecated since version 3.3.0! Use in_safe_mode instead. in /var/www/vhosts/sayipqiran.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6031
ЛАГЕРЛЕРДЕ ТОПТЫҚ УЛАНУДЫҢ АЛДЫН АЛУ - САЙЫПҚЫРАН.KZ Ақпаратты-сараптамалық порталы
Home » PRESS RELEASE » News » ЛАГЕРЛЕРДЕ ТОПТЫҚ УЛАНУДЫҢ АЛДЫН АЛУ

ЛАГЕРЛЕРДЕ ТОПТЫҚ УЛАНУДЫҢ АЛДЫН АЛУ

         Жазғы демалыс балалардың денсаулығын нығайтып, білімін толықтырып, жаңа оқу жылына күш жігермен, ынтамен бастауға ықпал жасайды. Оқу жылы аяқталып, жаздың алғашқы күндерінің басталуымен, балалардың жазғы сауықтыру маусымы басталады. Ұйымдасқан топтардағы тамақтан улану ошақтарының негізгі себептері – лагер қызметкерлерінің медициналық тексеруден өтпеуі, мекеме қызметкерлерінің тамақ дайындау, тиісті температуралық режимді сақтамау, тамақ өнімдерін сақтау технологияларының бұзу салдары, дайын тағамдар, сүт және сүт өнімдері, «тағам қорына» дайындалған дайын өнімдер көбінесе инфекцияның таралу факторлары болып табылады. Сонымен қатар, ата-аналар  лагердегі баласына  сырттан әкелуге рұқсат етілмейтін азық-түліктерді: тәттілер, торттар, барлық аспаздық тағамдар, салмасы бар пирогтар «сарқыт» түрінде беріп жібереді. Тез бұзылатын тағамдар тиісті температуралық режимде сақталмай, денсаулыққа кері әсерін тигізуі әбден мүмкін.
         Тамақтан улану мен ішек инфекцияларының алғашқы белгілері тамақтан кейін 2-4 сағаттан соң (кейбір жағдайларда және 30 минуттан кейін), немесе бір тәуліктен кейін де пайда болуы мүмкін. Бұл көбінесе токсиннің түрі мен дозасына және иммундық жүйенің күйіне байланысты. Науқастарда жалпы әлсіздік, ұйқышылдық, іштің ауыруы, бас ауруы, жүрек айнуы, безгегі, ағзаның сусыздануы, енжар күй және іш өту басталады, нәтижесінде дереу медициналық көмекке жүгіну керек. Өйткені бұл асқынуларға, баланың жағдайының нашарлауына әкеліп ғана қоймай, сонымен қатар ұзақ емделуге әкеледі. Балалардағы тамақтан улану мен ішек инфекцияларының алдын алу және ұйымдасқан топтарда тамақтан уланудың алдын алу үшін мыналарды сақтау қажет:
  • Жеке бас гигиена ережелерін сақтау, тамақтану алдында және дәретханадан кейін қолды сабынмен сапалы өңдеу;
  • Жемістер мен көкөністерді қайнаған сумен шарпу керек;
  • Тоңазытқышта сақтауды қажет ететін шикі тағамдарды бөлме температурасында сақтамаңыз;
  • Тағам, әсіресе, жұмыртқа, сүт өнімдері, құс етінен жасалған тағамдар дайындау кезінде санитариялық нормаларын қатаң сақтау;
  • Дайын тағамды тек тоңазытқышта сақтау керек, бірақ, әрине, шектеулі уақытта;
  • Сыртта төрт сағаттан артық сақталған тағамдарды жеуге болмайды.
         Қалай болғанда да, балалардың жазғы демалысы ересектер тарапынан санитариялық-гигиеналық және санитариялық-эпидемиологиялық талаптарды орындау жағдайында, олардың өздерінің шығармашылық әлеуетін дамытуға, денсаулығын нығайтуға және аурулардың алдын алуға, дене шынықтырумен, спортпен және туризммен айналысуға, салауатты өмір салтын қалыптастыруға, тамақтану режимін сақтауға және қолайлы ортада өмір сүру мүмкіндік беретіндей ұйымдастырылуы тиіс.
Д.АБДЕШЕВА,
Мақтаарал аудандық санитариялық  бақылау басқармасы
 басшысының орынбасары.

About Қалмұрат

Журналистика саласына кездейсоқ келіп қалсам да бұл салаға қызығушылығым оянғандықтан журналистикада жүргеніме 20 жыл болды. Алғашқы еңбек жолымды "Керуенбасы" газетінде корректорлықтан бастадым. Содан бері баспа журналистиканың барлық саласынан өттім. 2 рет газет шығарушы баспагер де болдым. Осы сайтымнан Сіздер өздеріңізге қажетті ақпараттар аласыздар деген ойдамын. Сіздер біздің жаңалықтарымызды: https://www.facebook.com/me/ https://twitter.com/KalmuratD www.sayipqiran.kz%2F%3Fp%3D8202 https://www.instagram.com/saipkiran.kz/ https://t.me/sayipkir арқылы да біле аласыздар.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

*

x

Check Also

2023 ЖЫЛҒЫ ҮЛГІДЕГІ, НОМИНАЛЫ 5 000 ТЕҢГЕЛІК БАНКНОТАЛАРДЫ АЙНАЛЫМҒА ШЫҒАРДЫ

        ...

ҚАЗАҚСТАН ҰЛТТЫҚ БАНКІ 28 МАУСЫМДА 2024 ЖЫЛҒЫ ҮЛГІДЕГІ ЖАҢА ДИЗАЙНМЕН НОМИНАЛЫ 10 000 ТЕҢГЕЛІК БАНКНОТАНЫ АЙНАЛЫМҒА ШЫҒАРДЫ

        ...

АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ САЛАСЫНДА ОҢ ӨЗГЕРІСТЕР БАР

        ...

«JETISAI MARATHON – 2024» МАРАФОНЫНА МЫҢҒА ЖУЫҚ ТҰРҒЫН ҚАТЫСТЫ

        ...

ЖЕТІСАЙ АУДАНЫНДА ҚҰРЫЛЫС ҚАРҚЫНДЫ

        ...

21 ЛЕТНЫЙ ТАЭКВОНДИСТ УЕХАЛ В США

Автор: НАЗИРА БУРХАНОВА,  журналист. ...

«МАҚТААРАЛ» КЕҢШАРЫНА – 100 ЖЫЛ!

Қазіргі Түркістан облысының Мақтаарал ...

БІРЛІГІ БІРТҰТАС БІРЛЕСТІК

        ...

МАТЕМАТИКА ӘДІСТЕМЕ БІРЛЕСТІГІНДЕ АТҚАРЫЛЫП ЖАТҚАН ІСТЕР ОРАСАН

        ...

ШӘКІРТ ТӘРБИЕЛЕУ – БОЛАШАҚТЫ ҚАЛЫПТАСТЫРУ

        ...