Deprecated: Function is_staging_site is deprecated since version 3.3.0! Use in_safe_mode instead. in /var/www/vhosts/sayipqiran.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6031
ҚАНДАСТАРДЫ ҚАБЫЛДАУДЫҢ ӨҢІРЛІК КВОТАСЫНА ЕНГІЗУ ЖӨНІНДЕГІ ҚЫЗМЕТ - САЙЫПҚЫРАН.KZ Ақпаратты-сараптамалық порталы
Home » PRESS RELEASE » News » ҚАНДАСТАРДЫ ҚАБЫЛДАУДЫҢ ӨҢІРЛІК КВОТАСЫНА ЕНГІЗУ ЖӨНІНДЕГІ ҚЫЗМЕТ

ҚАНДАСТАРДЫ ҚАБЫЛДАУДЫҢ ӨҢІРЛІК КВОТАСЫНА ЕНГІЗУ ЖӨНІНДЕГІ ҚЫЗМЕТ

         «Қандастарды қабылдаудың өңірлік квотасына енгізу» мемлекеттік қызметі eGov.kz электрондық үкімет порталы мен eGov mobile мобильді қосымшасында қолжетімді. Қызмет қандастар мен қоныс аударушыларды қабылдаудың өңірлік квотасына енгізу үшін өтінім беруді көздейді.
          Өңірлік квота қандастарды Ақмола, Шығыс Қазақстан, Батыс Қазақстан, Қостанай, Павлодар және Солтүстік Қазақстан және Абай облыстарын қоныстандыру үшін ҚР Үкіметі айқындаған өңірлерге бөлінеді.
                Бұл ретте өңірлік квотаға енгізілген қандастарға көшуге субсидиялар (отбасының әрбір мүшесіне 70 АЕК-тен біржолға төлем) және 12 ай ішінде жалдау және коммуналдық қызметтерді төлеу шығындарын жабуға (бір отбасына 15-тен 30 АЕК-ке дейінгі мөлшерде) мемлекеттік қолдау шаралары қолжетімді.
         Сонымен қатар, қандас мәртебесін алған этникалық қазақ мына қызметтерге қол жеткізе алады:
  • ҚР аумағына кірген кезде көлік құралдарын қоса алғанда, жеке пайдалануға арналған мүлікке кедендік төлемдерді төлеуден босату;
  • қандастарды бейімдеу және интеграциялау орталықтарында тегін бейімделу және интеграциялық қызметтермен қамтамасыз ету;
  • техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі және жоғары білімнің оқу ұйымдарына түсуге квоталар шеңберінде білім алу (Қазақстан Республикасында азаматтығы ұлты қазақ адамдар үшін квота 4% мөлшерінде белгіленген);
  • Қазақстан азаматтарымен тең дәрежеде жұмыспен қамтуға жәрдемдесу жөніндегі шаралармен қамтамасыз ету;
  • мемлекеттік тұрғын үй қорынан баспана алуға өтініш беру мүмкіндігі.
        Бұдан басқа, 2023 жылғы наурыздан бастап тұрғын үй сатып алу, салу үшін немесе ипотекалық тұрғын үй қарыздары бойынша бастапқы жарнаның бір бөлігін жабу үшін біржолғы өтеусіз және қайтарымсыз негізде тұрғын үй құнының 50%-ы немесе бір отбасына 4 млн теңгеге дейін мөлшерінде экономикалық ұтқырлық сертификаты енгізілді.
        Қызмет іске қосымған сәттен бастап 272 адам eGov.kz порталы арқылы өңірлік квота алуға өтініш берген.
        «Біз үшін мемлекеттік қызметтер Қазақстанның барлық азаматтары мен тұрғындары үшін ыңғайлы және қолжетімді болуы маңызды. Бүгінгі таңда біздің елімізде қандастар мен қоныс аударушылар үшін мемлекеттік қолдау шаралары көптеп жасалуда. Енді олар өңірлік квотаға енгізуге өтінімді ХҚКО мен басқа мекемелерге бармай-ақ eGov.kz порталы мен eGov mobile мобильді қосымшасы арқылы электронды түрде бере алады», деп атап өтті Ұлттық ақпараттық технологиялар АҚ Басқарма Төрағасы Ростислав Коняшкин.
          Жаңа қызметті eGov.kz порталында «Азаматтарға» – «Азаматтық, миграция және иммиграция» бөлімінен табуға болады. Дәл осы қызмет eGov Mobile мобильді қосымшасындағы «Қызметтер» – «Жеңілдіктер, жәрдемақылар және зейнетақылар» бөлімінде де қолжетімді.
Өтінім беру үшін пайдаланушыға:
  • дербес деректерді пайдалануға келісімді растау керек;
  • квота беретін аймақты таңдау қажет;
  • өтініш беруші туралы мәліметтерді толтыру керек;
  • қазақ және орыс тілдерінде нотариалды куәландырылған аудармасымен паспорттың көшірмесі енгізу керек;
  • неке немесе некені бұзу туралы куәліктің көшірмелерін (бар болса) қосу;
  • белгілі бір мамандық бойынша білімін, біліктілігін және жұмыс тәжірибесін растайтын құжаттардың көшірмелерін қосу;
  • өтінішке бір реттік парольмен немесе ЭЦҚ арқылы қол қою.
        Қызмет нәтижесі қандастарды қабылдаудың өңірлік квотасына енгізу туралы шешім немесе бас тарту туралы жауап түрінде Жеке кабинетте 14 жұмыс күні ішінде пайда болады.
        Толық бейне нұсқаулыққа сілтеме:
https://www.youtube.com/watch?v=dtemqb-s50c
          Жаңа қызмет «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ, ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі және ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің жұмысы арқасында жүзеге асты.
«ҰАТ» АҚ Қоғаммен байланыс басқармасы
www.nitec.kz

About Қалмұрат

Журналистика саласына кездейсоқ келіп қалсам да бұл салаға қызығушылығым оянғандықтан журналистикада жүргеніме 20 жыл болды. Алғашқы еңбек жолымды "Керуенбасы" газетінде корректорлықтан бастадым. Содан бері баспа журналистиканың барлық саласынан өттім. 2 рет газет шығарушы баспагер де болдым. Осы сайтымнан Сіздер өздеріңізге қажетті ақпараттар аласыздар деген ойдамын. Сіздер біздің жаңалықтарымызды: https://www.facebook.com/me/ https://twitter.com/KalmuratD www.sayipqiran.kz%2F%3Fp%3D8202 https://www.instagram.com/saipkiran.kz/ https://t.me/sayipkir арқылы да біле аласыздар.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

*

x

Check Also

2023 ЖЫЛҒЫ ҮЛГІДЕГІ, НОМИНАЛЫ 5 000 ТЕҢГЕЛІК БАНКНОТАЛАРДЫ АЙНАЛЫМҒА ШЫҒАРДЫ

        ...

ҚАЗАҚСТАН ҰЛТТЫҚ БАНКІ 28 МАУСЫМДА 2024 ЖЫЛҒЫ ҮЛГІДЕГІ ЖАҢА ДИЗАЙНМЕН НОМИНАЛЫ 10 000 ТЕҢГЕЛІК БАНКНОТАНЫ АЙНАЛЫМҒА ШЫҒАРДЫ

        ...

АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ САЛАСЫНДА ОҢ ӨЗГЕРІСТЕР БАР

        ...

«JETISAI MARATHON – 2024» МАРАФОНЫНА МЫҢҒА ЖУЫҚ ТҰРҒЫН ҚАТЫСТЫ

        ...

ЖЕТІСАЙ АУДАНЫНДА ҚҰРЫЛЫС ҚАРҚЫНДЫ

        ...

21 ЛЕТНЫЙ ТАЭКВОНДИСТ УЕХАЛ В США

Автор: НАЗИРА БУРХАНОВА,  журналист. ...

«МАҚТААРАЛ» КЕҢШАРЫНА – 100 ЖЫЛ!

Қазіргі Түркістан облысының Мақтаарал ...

БІРЛІГІ БІРТҰТАС БІРЛЕСТІК

        ...

МАТЕМАТИКА ӘДІСТЕМЕ БІРЛЕСТІГІНДЕ АТҚАРЫЛЫП ЖАТҚАН ІСТЕР ОРАСАН

        ...

ШӘКІРТ ТӘРБИЕЛЕУ – БОЛАШАҚТЫ ҚАЛЫПТАСТЫРУ

        ...