ҚАРЖЫЛЫҚ САУАТТЫЛЫҚТЫ АРТТЫРУ СЕМИНАРЛАРЫ БАСТАЛДЫ
Posted by: Қалмұрат
in Business, News, PRESS RELEASE, Қаржы саласы, Маман кеңесі, Өзекті мәселе, Саясат
03/05/2023
3 Views
Осы жылдың 2 мамырынан Достық ауылдық округінде «AMANAT» партиясы «Halyk bank»-пен бірге «Қарызсыз қоғам» атты қаржылық сауаттылықты арттыру мақсатында оқу семинары болып өтті.
Пилоттық жоба аясындағы оқыту семинары Достық ауылдық округінде өтті. Жобаға 60-қа жуық ауыл тұрғыны қатысты.
Бұл шараның басты мақсаты – тұрғындардың қаржылық сауаттылығын арттыру, өз қаражатын тиімді басқаруды үйрету, қаржыға қатысты мәселелер қалай пайда болатынын және алаяқтық әрекеттерді қалай анықтау қажет екендігін үйрету.
Бүгінде 6,3 миллионға жуық қазақстандықтың банктік несиелері өтелмеген. Сонымен қатар 1,2 миллион қазақстандық микроқаржы ұйымдарынан несие алған. Бұл азаматтардың әлеуметтік әл-ауқатына әсер етеді. Қолжетімді несиелер, қаржы ұйымдарының жоғары пайыздық мөлшерлемелері, ең бастысы, қаржылық сауаттылықтың төмендігі – жыл сайын халықтың қарызының өсуін арттырады.
Халықтың қарыз ауыртпалық мәселесі жүйелі шешімді қажет етеді. Қазіргі уақытта 1 миллионнан астам адам кем дегенде бір несиесін кешіктіріп отыр.
Оқыту курсының негізгі мақсаты – елімізде болашақта ел экономикасын қалыптастыратын халықтың, жас ұрпақтың қаржылық сауаттылық деңгейін арттыруға бағытталған қаржылық білім беру жүйесін құру, – деді Дулат Мынбаев.
Курсқа қатысуға ниет білдіріп келген ауыл тұрғындары айтылған мәселелермен толық танысып, қаражатты қалай жұмсау туралы толыққанды ақпараттар алды.
Айта кетейік, 2 мамырда басталған оқу жыл соңына дейін барлық ауылдық округте жалғасын табатын болады.
«AMANAT» партиясы Мақтаарал аудандық филиалы, Түркістан облысы.
«AMANAT» партиясы «Қарызсыз қоғам» атты қаржылық сауаттылықты арттыру семинары Halyk Bank 2023-05-03