ЕРКІН ЕЛДІҢ ҰРПАҒЫ
Posted by: Қалмұрат
in Білім саласы, Жас буын, Қоғам, Өзекті мәселе, Руханият, Саясат
04/05/2023
10 Views
Тәуелсіздік – біздің басты құндылығымыз. Көк байрағымыз желбірегеннен бері ата-баба дәстүрі көш түзеп, халқымыз еңсесін көтерді. Жарқын болашаққа қол созды. Бүгінде тәуелсіздікке қол жеткізгенімізге 30 жылдан астам уақыт өтті. Осы уақытта жеткен жетістігіміз де аз емес.
Қазақстан үшін тәуелсіздік – тосыннан келген сый емес, бостандыққа ұмтылған халқымыздың қайсар рухының жеңісі. Бұл жеңіс бүгінгі ұрпаққа бұйырған зор бақыт екені анық.
Ата-бабаларымыз киелі жеріміз бен болашақ ұрпақтың бостандығы үшін аянбай күресті. Батыста Бозжыра мен Шерқала, Жетісуда Хан Тәңірі мен Шарын, Көлсай мен Қайыңды, Арқада Бурабай мен Баянауыл сияқты көрікті жерлерімізді ұрпағына мирас етіп қалдырды. Сондықтан жер жәннатының алыста емес, өзімізде екенін түсінгеніміз жөн.
Қазіргі жастар салт-дәстүрін сақтаған, туымызды көкке көтеретін тұлға деңгейіне көтерілген. Олар елді дамыту жолында еңбек етуде. Арамызда мемлекеттік және өзге тілдерді жетік меңгеріп, заманауи тұлғаға айналған жастар да бар. Осындай жігерлі ұрпақ ел болашағын жарқын етері сөзсіз.
Еліміздің тәуелсіздігі мен тәуелсіздігін дәріптеу, ұлттық құндылықтар мен ұлттық мұраттарды бойына сіңірген патриоттық рухтағы ұрпақ тәрбиелеу және Қазақстандықтардың мемлекеттік тілді білу деңгейлерін анықтап, мемлекеттік тілде сауатты жазу дағдыларын қалыптастыра отырып, берілген мәтін арқылы білім алушылардың ұлттық құндылықтарын арттыру мақсатындағы – жалпыұлттық диктантты жазуға Д.А.Қонаев университетінің Талғар қаласындағы колледжі студенттері де белсене қатысты.
ЖУМАТАЕВА Г.М,
Директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары.
2023-05-04