Азаматтар eGov.kz Электрондық порталы мен eGov Mobile мобильді қосымшасында санаторийлік-курорттық емдеу қажеттілігі туралы қорытынды алуға және алдын ала міндетті медициналық тексеруден өту үшін анықтама алуға өтінім бере алады.
Қазақстандықтар «Санаторийлік-курорттық емдеу қажеттілігі туралы қорытынды беру» қызметінің арқасында санаторий-курорттық емделуге қорытынды алу үшін электрондық өтінім бере алады. Өтініш берген кезде жіберілген диагнозға сәйкес клиникалық-диагностикалық зерттеулер нәтижелерінің электрондық көшімесі болуы қажет.
Қызмет көрсету нәтижесі: электрондық құжаттың 069/у нысаны бойынша берілген санаторий-курорттық карта немесе электрондық құжат нысанында «Жеке кабинетке» жіберілген мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап.
Санаторий-курорттық емдеу мамандандырылған мекемелерде көрсетілетін және минералды сулар, емдік балшық, термалды бұлақтар және т.б. сияқты санаторий-курорттық аймақтың табиғи факторларына негізделген кешенді емдеу-профилактикалық көмекті қамтиды.
«Алдын ала міндетті медициналық қарап-тексеруден өту» мемлекеттік қызметін мына топтар қолада алады:
-
дәріханалардың, фармацевтикалық ұйымдардың қызметкерлері;
-
қызмет көрсету саласының қызметкерлері (моншалар, сауналар, шаштараздар, сұлулық салондары, кір жуатын орындар, химиялық тазалаушылар), бассейндер мен гидропатиялар, балшық ванналар, спорттық-сауықтыру ұйымдарының жұмысшылары;
-
қан қызметі ұйымдарының медицина қызметкерлері, хирургиялық, гинекологиялық, акушерлік, гематологиялық, стоматологиялық профильдердің қызметкерлері және медицина қызметкерлері;
-
мектепке дейінгі ұйымдардың, мектеп-интернаттардың, балалар санаториялық-курорттық жыл бойғы сауықтыру ұйымдарының, балалар үйлерінің қызметкерлері, отбасы үлгісіндегі үйлердің қызметкерлері;
-
жолаушыларға қызмет көрсету ұйымдарының қызметкерлері (темір жол вокзалдары, аэровокзалдар, әуежайлар, теңіз және өзен станциялары, автовокзалдар, метрополитендер);
-
қоғамдық тамақтандыру объектілерінің қызметкерлері;
-
жалпы білім беретін мектептерге, орта арнаулы және жоғары оқу орындарына оқуға түсуге үміткерлер студенттерге және т.б.