В рамках Дней устойчивой энергии Европейского Союза в Казахстане, финансируемый ЕС проект «Устойчивые энергетические связи в Центральной Азии» (SECCA) объявил конкурс на лучший эскиз мурала на тему «Устойчивая энергия для лучшего будущего» (Конкурс).
Конкурс организован проектом ЕС «SECCA» в партнерстве с Центром урбанистики города Астана, Международным центром зеленых технологий и инвестиционных проектов и Институтом развития электроэнергетики и энергосбережения при поддержке Министерства энергетики и Министерства индустрии и инфраструктурного развития Республики Казахстан.
Граждане Казахстана и иностранные граждане, постоянно проживающие в Казахстане, 18 лет и старше могут принять участие в конкурсе и направить свой эскиз мурала проекту «SECCA» по электронной почте info@secca.eu.
Цели Конкурса:
-
повышение осведомленности о необходимости перехода на «зеленую» энергетику и энергоэффективность
-
формирование у жителей и гостей города Астаны представления об устойчивой энергии, включая, но не ограничиваясь, вопросами возобновляемых источников энергии, энергоэффективности и энергосбережения
-
выявление талантливых художников, содействие их творческому росту и вовлечение в формирование положительного имиджа города с учетом современных тенденций по защите климата.
Крайний срок подачи эскиза – 15 мая 2023 года.
Лучший эскиз будет воспроизведен на фасаде здания школы, расположенной по адресу: г. Астана, район Есиль, улица Сауран, дом 5/1 («Школа-лицей № 59» Акимата города Астаны).
Положение конкурса на казахском, английском и русском языках – на веб-сайте проекта: https://secca.eu/ru/mural-competition-kazakhstan/.
«Кемел болашаққа – тұрақты энергия»
мурал эскиздерінің байқауын ұйымдастыру және өткізу туралы
ЕРЕЖЕ
1. Жалпы ережелер
1.1. Осы «Кемел болашаққа – тұрақты энергия» мурал эскиздерінің байқауын
ұйымдастыру және өткізу туралы ереже (бұдан әрі – Ереже) байқауды ұйымдастыру және
өткізу тәртібін, байқау жұмыстарын (эскиздерді) ұсыну тәртібін, байқау жұмыстарын
(эскиздерді) іріктеу және бағалау критерийлерін және жеңімпаздарды айқындау және
марапаттау тәртібін айқындайды.
1.2. Байқауды Еуропалық Одақтың «Орталық Азиядағы тұрақты
энергетикалық байланыстар (SECCA)» жобасы (бұдан әрі – ұйымдастырушы)
ұйымдастырады.
1.3. Байқаудың серіктестері Астана қаласының урбанистика орталығы,
Халықаралық жасыл технологиялар және инвестициялық жобалар орталығы және Электр
энергетикасын дамыту және энергия үнемдеу институты (бұдан әрі – серіктестер) болып
табылады.
1.4. Байқау Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің, Қазақстан
Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің және Астана
қаласы әкімдігінің қолдауымен өткізіледі.
1.5. Ұйымдастырушы мен Серіктестер осы байқаудың мақсатында «мурал» ұғымы
деп ауқымды ғимараттар мен басқа да сәулет құрылыстарының қасбеттеріндегі
монументалды кескіндеменің белгілі бір түрін түсінеді (үйдің қасбеті жеңіске жеткен
эскизді негізге ала отырып аэрозольды немесе акрил бояумен боялады).
1.6. Байқауға қатысу тегін.
1.7. Осы Ереже көпшілікке қолжетімді түрде Ұйымдастырушы мен Серіктестердің
ресми сайтында, сондай-ақ олардың әлеуметтік желілерінде жарияланады.
2. Байқаудың мақсаттары мен міндеттері
2.1. Байқаудың мақсаты «Кемел болашаққа – тұрақты энергия» тақырыбына
арналған муралдың ең үздік эскизін айқындау болып табылады, жаңартылатын энергия
көздері, энергия тиімділігі және энергия үнемдеу мәселелерін қамтиды, бірақ олармен
шектелмейді.
2.2. Байқаудың міндеттері:
– «жасыл» энергетика мен энергия үнемдеуге көшу қажеттілігі бойынша көпшіліктің
хабардарлығын арттыру;
– Астана қаласының тұрғындары мен қонақтарында жаңартылатын энергия көздері,
энергия тиімділігі және энергия үнемдеу мәселелерімен шектелмей, тұрақты
энергетиканың тұжырымдамалық негіздері туралы түсінік қалыптастыру.
– Астана қаласының қалалық кеңістіктерінің мәдени-эстетикалық келбетін жақсарту
және тұрғындар мен қонақтардың осындай кеңістіктерге оң көзқарасын қалыптастыру;
– талантты суретшілерді анықтау, олардың шығармашылық өсуіне жәрдемдесу және
қазіргі заманғы трендтерді ескере отырып, оларды қаланың жағымды келбетін
қалыптастыруға тарту;
-муралдарды қалалық кеңістіктердің мәдени-эстетикалық келбетін жақсарту
құралдарының бірі ретінде танымал ету.
3. Байқауды өткізу мерзімдері
3.1. Байқау 2023 жылғы 17 сәуірден 1 маусымға дейін үш кезеңмен өткізіледі:
«Өтінімдерді қабылдау» деп аталатын бірінші кезең 2023 жылғы 17 сәуірден 15
мамырға дейін жалғасады.
Бұл ретте байқау жұмыстары (эскиздер) 2023 жылғы 17 сәуір сағат 9.00-ден 2023
жылғы 15 мамыр сағат 18.00-ге дейін кез келген уақытта қабылданады. Байқауға ұсыну
мерзімдерін бұзып ұсынылған байқау жұмыстары (эскиздер) қаралмайды.
«Байқау жұмыстарын (эскиздерді) бағалау» деп аталатын екінші кезең 2023
жылдың 31 мамырында немесе 1 маусымында өтеді..
«Жеңімпаздарды марапаттау» деп аталатын үшінші кезең 2023 жылдың 31
мамыр немесе 1 маусым өтеді.
4. Байқауға қатысушылар
4.1. Байқауға қатысуға жеке тұлғалар немесе жеке тұлғалар тобы шақырылады.
4.2 Өтінімді жеке тұлғалар тобының атынан жіберген кезде олардың тек біреуінің
(топ көшбасшысының) деректері көрсетіледі. Бұл ретте қалған жеке тұлғалардың (топ
мүшелерінің) деректері осы Ереженің 1-қосымшасына сәйкес өтінімнің «Өзгесі» деген
бөлімінде көрсетіледі. Өтінім бір жеке тұлғадан немесе жеке тұлғалар тобынан
жіберілгеніне қарамастан, жүлде өзгермейді және ұлғаймайды. Сыйлық топ жетекшісіне
беріледі.
4.3 Байқауға қатысуға 18 жастан асқан адамдар жіберіледі.
4.4. Байқауға Қазақстан Республикасының азаматтары, сондай-ақ Қазақстан
Республикасының аумағында тұрақты тұратын Қазақстан Республикасында тұруға
ықтиярхаты бар шетелдік азаматтар қатыса алады.
5. Байқаудың жүлде қоры
5.1. Байқау қорытындысы бойынша 2 жеңімпаз таңдалады (бірінші және екінші
орын). Жеңімпаздар жаңартылатын энергия көздері, энергияны үнемдеу және тұрақты
энергияға көшу саласындағы еуропалық тәжірибе туралы білу үшін халықаралық оқу
сапарына қатысады.
Оқу сапарын Ұйымдастырушы шамамен 2023 жылдың күзінде ұйымдастырады.
5.2. Ұйымдастырушы мен оның Серіктестері байқауды өткізу шеңберінде қосымша
номинациялар мен сыйлықтар тағайындау құқығын, сондай-ақ байқаудың жүлде қорына
өзгерістер енгізу құқығын өзіне қалдырады.
5.3. Бірінші орын алған үздік байқау жұмысы (эскиз) жеңімпаздың авторлығын (тек
тегі немесе никнейм) көрсете отырып, осы Ереженің 7-тармағында көрсетілген Астана
қаласындағы объектінің таңдалған қасбетіне салынады.
6. Байқау жұмыстарына (эскиздерге) қойылатын талаптар
6.1. Қатысушылар жаңартылатын энергия көздері, энергия тиімділігі және энергия
үнемдеу мәселелерін қоса алғанда, бірақ олармен шектелмей, «Кемел болашаққа – тұрақты
энергия» тақырыбындағы байқау жұмыстарын (эскиздерді) ұсынады. Байқау тақырыбына
байланысты емес байқау жұмыстары (эскиздер) қаралмайды.
6.2. Байқау жұмыстарында (эскиздерде) Қазақстан Республикасының қолданыстағы
заңнамасына сәйкес тыйым салынған тақырыптарды қозғауға және/немесе
визуализациялауға тыйым салынады.
6.3. Байқау жұмысының (эскиздің) көлемі осы Ереженің 7-тармағында көрсетілген
объект қасбетінің пропорцияларын негізге ала отырып есептелуге тиіс. Толығырақ ақпарат
алу үшін осы Ережеге 2-қосымшаны оқыңыз.
6.4. Байқау жұмыстары (эскиздер) *GPEG немесе *PDF немесе *PNG форматында
ұсынылуы тиіс. Файл өлшемдері электрондық пошта арқылы электронды түрде берілетін
көлемде (бірақ 20 Мб-тан аспауы керек) болуы керек. Файлдардың сапасы байқау
жұмыстарын (эскиздерді) жан-жақты бағалауға мүмкін болатындай деңгейде жоғары болуы
тиіс.
6.5. Әрбір қатысушы үштен аспайтын конкурстық жұмыстарды (эскиздерді) ұсына
алады. Бұл ретте, әрбір конкурстық жұмыс (эскиз) үшін осы Ережеге 1-қосымшаға сәйкес
жеке өтінім толтырылады..
6.6. Әрбір байқау жұмысы (эскиз) осы Ережеге 1-қосымшаға сәйкес ашық байқауға
қатысушының өтінімімен бірге беріледі.
6.7. Байқау жұмыстары (эскиздер) өз бетінше орындалуы тиіс және көшіріп
салынған немесе көшірмеленген болмауы немесе басқаша түрде құрамында плагиат
элементтері болмауы тиіс.
6.8. Байқауға ұсынылған осы Ереженің талаптарына сәйкес келмейтін эскиздер
байқауға қатысу құқығынан айырылады.
7. Объект
7.1 Мурал салынатын объект Астана қаласы, «Есіл» ауданы, Сауран көшесі, 5/1
ғимарат (Астана қаласы әкімдігінің «№ 59 мектеп-лицей» ШЖҚ МКК) мекенжайында
орналасқан мектептің қасбеті болып табылады.
8. Өтінім беру
8.1. Байқауға қатысуға өтінім байқау жұмысын (эскизді) қоса бере отырып,
Ұйымдастырушыға «Кемел болашаққа – тұрақты энергия» тақырыбын көрсете отырып,
info@secca.eu электрондық мекенжайына жіберіледі.
9. Байқау жұмыстарын (эскиздерді) бағалау
9.1. Байқау жұмыстарын (эскиздерді) бағалау үшін Байқау комиссиясы құрылады.
Байқау комиссиясының құрамы осы Ережеге 3-қосымшада көрсетілген. Бұл ретте
Ұйымдастырушы мен Серіктестер Байқау комиссиясының құрамына өзгерістер енгізу және
қосымша мүшелерді тарту құқығын өзіне қалдырады.
9.2. Байқау комиссиясы жұмысының тиімділігін арттыру үшін байқау жұмыстарын
(эскиздерді) бағалау екі кезеңге бөлінеді.
Бірінші кезеңде Ұйымдастырушы Серіктестермен бірлесіп комиссияның одан әрі
бағалауы үшін 10 байқау жұмысынан бастап 20 байқау жұмысына дейін іріктеп алады.
Екінші кезеңде Байқау комиссиясы іріктеуден өткен байқау жұмыстарын
(эскиздерді) бағалап, екі жеңімпазды анықтайды.
9.3. Ұсынылған байқау жұмыстары (эскиздер) мынадай критерийлер бойынша
бағаланатын болады:
– көрерменге үндеу жасау;
– тақырыптың өзектілігі мен сәйкестігі;
– орындаудың көркемдік деңгейі;
– шығармашылық тәсіл және орындау техникасының өзіндік ерекшелігі;
– бірегей ойдың және мағынасын күшейтетін қызықты детальдардың болуы;
– композициясы және түсі;
– эскиздің «қасбеттік жұмыстар» техникасындағы техникалық жаңғыртылуы.
9.4. Жеңімпаздар комиссияның қарапайым көпшілік даусымен анықталады. Ең көп
дауыс жинаған байқау жұмысы (эскиз) жеңімпаз деп жарияланады. Бірнеше байқау
жұмысы (эскиздерде) бірдей дауыс жинаған жағдайда Ұйымдастырушы өкілінің дауысы
шешуші болып табылады.
9.5. Байқау жеңімпазын айқындау туралы Байқау комиссиясының хаттамасы
жасалады, оған оның барлық мүшелері қол қояды немесе Комиссия мүшесінің электрондық
поштасымен келісімнен өткізіледі.
9.6. Байқау жеңімпаздарын жариялау 2023 жылғы 31 мамырда немесе 1 маусымда
жүзеге асырылады Астана қаласында Еуропалық Одақтың «Орталық Азиядағы тұрақты
энергетикалық байланыстар (SECCA)» жобасы өткізетін «Sustainable Energy Days»
(Тұрақты энергия күндері) іс-шарасы шеңберінде жүзеге асырылады.
9.7. Бірінші орын алған жеңімпаз жұмыс Ереженің шарттарына сәйкес осы Ереженің
7-тармағына сәйкес Астана қаласында таңдалған объектінің қасбетін жаңғырту үшін
пайдаланылатын болады.
9.8. Муралда байқау жеңімпазының (жұмыс авторының) тегі немесе никнеймі,
сондай-ақ жеңімпаздың эскизі бойынша муралды салған суретші көрсетілген жазба
жазылуы мүмкін. Бұл ретте осы Шарт бойынша түпкілікті шешімді Ұйымдастырушы және
оның Серіктестері қабылдайды.
9.9. Байқау жұмысын (эскизді) іске асыру кезінде, яғни сурет салу кезінде немесе
сурет салу алдында байқау жұмысы (эскиз) техникалық немесе өзге себептер бойынша
(түсі, бөлшектері, өлшемдері және т.б.) пысықталуы немесе өзгертілуі мүмкін. Қатысушы
(автор немесе авторлар) мұндай өзгерістермен келіспеген жағдайда, олар суреттің
авторлығынан бас тарта алады. Байқауға қатыса отырып, қатысушылар өздерінің байқау
жұмыстарын (эскиздерін) өзгерту мүмкіндігімен келіседі.
10. Ұйымдастырушы мен Серіктестердің құқықтары мен міндеттері
10.1. Байқауға жалпы басшылықты Ұйымдастырушы мен Серіктестер жүзеге
асырады.
10.2. Ұйымдастырушы байқауға қатысу үшін ұсынылатын байқау жұмыстарын
(эскиздерді), егер олар талаптарға сәйкес келмесе, қандай да бір түсініктеме бермей
тіркеуден бас тарту құқығын өзіне қалдырады.
10.3. Ұйымдастырушылар байқауды өткізу мерзімдерін өзгерту құқығын өзіне
қалдырады.
10.4. Қосымша ақпарат алуға арналған байланыс телефоны: 8 707 777 54 32 – Данара
Жұмәділова, жоба көмекшісі.
11. Авторлық құқықтар
11.1. Байқау жұмысын (эскизді) байқауға жібере отырып, қатысушы өзінің байқау
жұмысының (эскизі) авторлық туынды болып табылатынын және осы туындыға барлық
авторлық құқықтар тек өзіне ғана тиесілі екенін растайды, сондай -ақ байқау өткізу кезінде
туындыны пайдалану үшінші тұлғалардың мүліктік және/немесе мүліктік емес құқықтарын
бұзбайтындығына кепілдік береді. Бұл ретте, Ұйымдастырушы мен Серіктестер байқау
жұмысын (эскизді) плагиатқа күдік туындаған кезде байқаудан алып тастау құқығын өзіне
қалдырады.
11.2. Байқау жұмысын (эскизді) байқауға жібере отырып, қатысушы өзі жасаған
туындыларды Ұйымдастырушыға және оның Серіктестеріне байқаудың өзін өткізуге
байланысты кез келген мақсаттарда, сондай-ақ бұқаралық ақпарат құралдарын, сыртқы
жарнаманы, полиграфиялық өнімді және т.б. қоса алғанда, кез келген басылымдарда
жариялау және орналастыру үшін пайдалануға рұқсат береді.
11.3. Байқау жұмысын (эскизді) байқауға жібере отырып, қатысушы
Ұйымдастырушыға және оның Серіктестеріне байқау жұмысын (эскизді) жариялауға
байланысты осындай талаптар қойылған жағдайда, үшінші тұлғалардың талаптарын
шешуге жәрдемдесуге және авторлық құқықты бұзу фактісі анықталған жағдайда барлық
залалдарды толық көлемде өтеуге міндеттенеді;
12.Қорытынды ережелер
12.1. Барлық дербес деректер, оның ішінде қатысушының аты, жасы, ұялы телефон
нөмірі және/немесе электрондық пошта мекенжайы осы байқауға байланысты ғана
пайдаланылатын болады және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген
жағдайларды қоспағанда, конкурсқа байланысты емес мақсаттар үшін үшінші тұлғаларға
берілмейді.
12.2 Егер байқау Ұйымдастырушы және оның Серіктестері бақылай алмайтын
қандай да бір себептермен, техникалық немесе басқа себептермен жоспарланған режимде
өткізілмесе, онда Ұйымдастырушы және оның Серіктестері өздері нің ресми сайтында,
сондай-ақ өздерінің әлеуметтік желілерінде тиісті ақпаратты орналастыру арқылы
қатысушыларға бұл туралы хабарлау арқылы байқауды өткізуді өз қалауы бойынша тоқтата
алады, өзгерте алады немесе уақытша тоқтата алады.
12.3. Ұйымдастырушы және оның Серіктестері қатысушылардың қателіктерінің
қандай да бір салдарларына, соның ішінде (басқалармен қатар) олар шеккен шығындардың
салдары үшін жауап бермейді.
12.4. Ұйымдастырушы және оның Серіктестері осы Ережеде және Қазақстан
Республикасының қолданыстағы заңнамасында көзделген жағдайларды қоспағанда,
қатысушылармен жазбаша келіссөздер не өзге де байланыстар жасамау құқығын өзіне
қалдырады.
12.5. Қатысушының өтінімін info@secca.eu электрондық мекенжайына жіберуі
қатысушының осы Ереженің барлық шарттары мен талаптарына толық және сөзсіз
келісімін білдіреді.
12.6. Қатысушының өтінімін info@secca.eu электрондық мекенжайына жіберуі
қатысушының жүлделерді, фамилияларды, фотосуреттерді және өзге де дербес деректерді,
олар туралы сұхбаттарды және өзге де материалдарды Ұйымдастырушы мен оның
Серіктестері сыйақысыз ақпараттық және жарнамалық мақсаттарда пайдалана
алатындығымен келісетінін білдіреді.
12.7. Байқауға қатысты барлық даулы мәселелер Қазақстан Республикасының
қолданыстағы заңнамасы негізінде реттеледі.
Байқау комиссиясының құрамы
Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің өкілі;
Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің
өкілі;
Астана қаласы әкімдігінің өкілі;
Еуропалық Одақтың Қазақстан Республикасындағы Өкілдігінің қызметкері;
Ұйымдастырушының өкілі (Еуропалық Одақтың «Орталық Азиядағы Тұрақты
энергетикалық байланыстар – SECCA» жобасы);
Астана қаласының урбанистика орталығының өкілі;
№ 59 мектеп-лицейінің өкілі;
Халықаралық жасыл технологиялар және инвестициялық жобалар орталығының
өкілі;
Электр энергетикасын дамыту және энергия үнемдеу институтының өкілі;
Еркін суретшілер немесе өнер өкілдері.