Deprecated: Function is_staging_site is deprecated since version 3.3.0! Use in_safe_mode instead. in /var/www/vhosts/sayipqiran.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6031
Halyk МҰҚТАЖДЫҒЫ БАР ЕЛОРДАЛЫҚТАРДЫҢ ҮЙЛЕРІНЕ ГАЗ ЖҮРГІЗЕДІ - САЙЫПҚЫРАН.KZ Ақпаратты-сараптамалық порталы
Home » PRESS RELEASE » News » Halyk МҰҚТАЖДЫҒЫ БАР ЕЛОРДАЛЫҚТАРДЫҢ ҮЙЛЕРІНЕ ГАЗ ЖҮРГІЗЕДІ

Halyk МҰҚТАЖДЫҒЫ БАР ЕЛОРДАЛЫҚТАРДЫҢ ҮЙЛЕРІНЕ ГАЗ ЖҮРГІЗЕДІ

       Астана және  Halyk  әкімдігі  «Алматы»  және  «Сарыарқа»  аудандарындағы  100  жеке  үйді  тегін  газдандыру  туралы  Меморандумға  қол қойды. Газдандыру халықтың әлеуметтік тұрғыда  осал  топтары  (ХӘОТ)  санатындағы  азаматтардың  тұрғын үйлерінеолардың  арасында  жалғызбасты  зейнеткерлергекөпбалалы  отбасыларға  және  мүгедектігі  бар  адамдарға жүргізіледі.
          Жалпы бюджеті 230 млн теңгені газдандыру жобасы Halyk-тың  100 жылдығына  арналған  «100 игі іс»  ауқымды  науқаны  аясында іске асырылуда. 2023 жылы Halyk Bank қаражаты есебінен мұқтаждығы бар отбасыларға 230-ға жуық тұрғын үйі  Астанадағы 100 үйді және Алматы қаласының Наурызбай, Алатау  және  Медеу аудандарында  тұратын  130 үйді газға толықтай қосу үшін қаржыландыру жоспарлануда.
         «Астанада  «Алматы»  және  «Сарыарқа»   аудандары  газбен  толық  қамтамасыз  етілгенБұл шамамен – 12 мың  отбасы.  Оның  ішінде 8 мыңнан астам абонент газға қосылды
        Үйлерді  газға  қосу  шығындарын  азайту  үшін   үлкен   жүйелі   жұмыс   жүргізудеміз:   халықтың   әлеуметтік   осал  топтары   үшін  450  мың  теңгеге  жуық  сомаға газдандыру шығындарына өтемақы көзделгенсондай-ақ  құны  150  мың  теңгеге   жуық   есептеу  аспаптары  тегін  беріледіБұрын  банкпен  пайызсыз  несиелеу  бағдарламасы  іске қосылған болатынЕнді Halyk-пен  елордадағы  100  үйді тегін  газдандыру  жобасын  іске  асыруға  кірісемізҚалған  аудандар   бойынша  газ  құбырын  жеткізу  желілерінкварталішілік  желілерді  салу жұмыстары  келесі  жылы  жүргізіледіГаздандыру процесі Мемлекет басшысының бақылауында», – деді Астана әкімі Жеңіс Қасымбек.
          Қазіргі уақытта елорда әкімшілігі ХӘОТ санатына жататын мұқтаж адамдардың тізімін  ұсындыОларға  материалдық  жағдайы газдандыруды өз бетінше төлеуге мүмкіндігі жоқ тұрғындар енгізілді.
         Банк  Басқарма  төрағасы  Үміт  Шаяхметованың  айтуыншаHalyk  бірнеше  жыл  бойы  газдандыру  мәселесін  шешуге   өз  ресурстарын  салуда«Біз қазақстандықтардың  өмір  сүру  сапасын  арттыру  үшін  –  банктік  қызметтерін  жетілдіру   арқылы  да, бүкіл  республика бойынша  әлеуметтік  жобаларды  іске  асыру  арқылы  да  үнемі  жұмыс  істеп келеміз. 2021 жылы банк Алматыда жалпы сомасы 92 млн.  теңгеге  100  жеке  үйді  толықтай  газдандыруды  қаржыландырды,   сондай-ақ   тұрғын  үйлерге  газ  жүргізуге  жеңілдікпен  несие  берудің  жеке  бағдарламасын  іске  қостыГаздандыру жобасын  жалғастыра және кеңейте отырыпбіз бірден екі міндетті – отандастарымыздың  неғұрлым  осал   топтарына  көмектесуге  және  елдегі  экологиялық  жағдайды  жақсартуға  барынша  үлес  қосуға  тырысамыз».
         Қазақстанның  барлық  аймақтары  үшін  газдандыру  мәселесі өзекті  күйінде қалып  отырЖыл  басында  Үкімет отырысында  Премьер-Министр   Әлихан  Смайылов  мемлекет  басшысының  елдегі  газдандыру  деңгейін  60 пайызға жеткізу  туралы тапсырмасын еске салдыОл үшін 11,8 миллионнан астам тұрғыны бар 1800-ден  астам  елдімекен   газдандырылуы   тиіс.  Банк  мемлекеттіңбизнестің және азаматтардың бірлескен және жан-жақты  күш-жігері   қазақстандықтардың  өмір  сүру  сапасын жақсартуға,  оң  өзгерістерге  әкелетініне сенімді.

 

About Қалмұрат

Журналистика саласына кездейсоқ келіп қалсам да бұл салаға қызығушылығым оянғандықтан журналистикада жүргеніме 20 жыл болды. Алғашқы еңбек жолымды "Керуенбасы" газетінде корректорлықтан бастадым. Содан бері баспа журналистиканың барлық саласынан өттім. 2 рет газет шығарушы баспагер де болдым. Осы сайтымнан Сіздер өздеріңізге қажетті ақпараттар аласыздар деген ойдамын. Сіздер біздің жаңалықтарымызды: https://www.facebook.com/me/ https://twitter.com/KalmuratD www.sayipqiran.kz%2F%3Fp%3D8202 https://www.instagram.com/saipkiran.kz/ https://t.me/sayipkir арқылы да біле аласыздар.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

*

x

Check Also

2023 ЖЫЛҒЫ ҮЛГІДЕГІ, НОМИНАЛЫ 5 000 ТЕҢГЕЛІК БАНКНОТАЛАРДЫ АЙНАЛЫМҒА ШЫҒАРДЫ

        ...

ҚАЗАҚСТАН ҰЛТТЫҚ БАНКІ 28 МАУСЫМДА 2024 ЖЫЛҒЫ ҮЛГІДЕГІ ЖАҢА ДИЗАЙНМЕН НОМИНАЛЫ 10 000 ТЕҢГЕЛІК БАНКНОТАНЫ АЙНАЛЫМҒА ШЫҒАРДЫ

        ...

АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ САЛАСЫНДА ОҢ ӨЗГЕРІСТЕР БАР

        ...

«JETISAI MARATHON – 2024» МАРАФОНЫНА МЫҢҒА ЖУЫҚ ТҰРҒЫН ҚАТЫСТЫ

        ...

ЖЕТІСАЙ АУДАНЫНДА ҚҰРЫЛЫС ҚАРҚЫНДЫ

        ...

21 ЛЕТНЫЙ ТАЭКВОНДИСТ УЕХАЛ В США

Автор: НАЗИРА БУРХАНОВА,  журналист. ...

«МАҚТААРАЛ» КЕҢШАРЫНА – 100 ЖЫЛ!

Қазіргі Түркістан облысының Мақтаарал ...

БІРЛІГІ БІРТҰТАС БІРЛЕСТІК

        ...

МАТЕМАТИКА ӘДІСТЕМЕ БІРЛЕСТІГІНДЕ АТҚАРЫЛЫП ЖАТҚАН ІСТЕР ОРАСАН

        ...

ШӘКІРТ ТӘРБИЕЛЕУ – БОЛАШАҚТЫ ҚАЛЫПТАСТЫРУ

        ...