ПЕСТИЦИДТЕР ТУРАЛЫ НЕ БІЛЕМІЗ?
Posted by: Қалмұрат
in PRESS RELEASE, Анонсы, Ауыл шаруашылығы, Денсаулық, Жаңалықтар, Маман кеңесі
16/05/2023
2 Views
Пестицидтер (лат. pestis-«инфекция» + caedo «өлтіру») – зиянкестермен және өсімдік ауруларымен, сондай-ақ әртүрлі паразиттермен, арамшөптермен, астық және астық өнімдерінің зиянкестері, ағаш, мақта өнімдері, жүн, тері, эктопаразиттермен күресу үшін қолданылатын химиялық заттар.
Пестицидтер адам ағзасына қалай түседі? Ол – қоршаған ортаға яғни топыраққа түседі, соcын өсімдіктерге еніп, жемістеріне пайдасын тигізеді.
Ағзаға тамақпен бірге ішек жолдары арқылы енеді. Қазіргі таңда жаңа өнім жеміс-жидектердің түр-түрлері пісіп, адамдар пайдаланып жатады. Ал ол жеміс-жидектердің құрамында қаншалықты пестицидтердің қалдықтары бар екені беймәлім. Бүгінгі таңда олардың адам денсаулығына қауіптілігі – маңызды мәселенің бірі болып табылады. Оларға жататын кез-келген химиялық қосылыс адам ағзасына аз мөлшерде болса да зиянды әсерін тигізеді. Биологиялық және физиологиялық процестердің бұзылулары, түрлі уланулар болуы мүмкін, ең қауіптісі пестицидтті өнімді ұзақ уақыт пайдаланып, мән бермеу салдарынан адамда түрлі ауруларға шалдығу және қатерлі ісік (рак) ауруын тудыруы мүмкін.
Пестицидттерден уланулардың белгілері: құсу, артериялық қысымның көтерілуі, бас ауруы, ұйқышылдық, диарея, қозғалыстардың үйлестірілуінің жоғалуы, бет бұлшық еттерінің спазмы, әлсіздік, сананың жоғалуы, ауыр түрде адам комаға түсіп, өліп қалу қауіпі бар.
Тері арқылы шырышты қабықтарға әсер етіп, мұндай қосылыстармен ұзақ уақыт байланыста болған жағдайда адам қатты аллергияға ұшырайды, терінің қышуы, мұрынның шырышты қабығының қатты тітіркенуі және жөтел пайда болады. Барлық осы белгілер кейіннен псориаз сияқты созылмалы ауруларға айналуы мүмкін. Өкпе аурулары бар адамдар пестицидті өнімдерді пайдаланғанда тұншығу қаупі басым.
Пестицидттердің мөлшерін азайту мақсатында дүкеннен алған көкөністерді ағын су астында жуып, тоңазытқышта салып қою қажет немесе тұзды суға 30 минут аралыққа салып қою қажет.
Көкөністі тұтынғаннан кейін улану жағдайын алдын алу үшін қайнаған су ішкен абзал екендігін есте сақтаған жөн. Көкөністерді дұрыс тұтынайық, өз денсаулығымыз өз қолымызда.
Динара АБДЕШЕВА,
Мақтаарал аудандық санитариялық бақылау басқарма басшысының орынбасары.
2023-05-16