РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ЖЕДЕЛ-ПРОФИЛАКТИКАЛЫҚ ІС-ШАРАСЫ ӨТКІЗІЛУДЕ
Posted by: Қалмұрат
in News, Әлеумет, Қылмыс пен жаза, Өзекті мәселе, Пробация қызметі
19/05/2023
2 Views
Ағымдағы жылдың 15-25 мамыры аралығында, республикамыздың аумағында «Подучетник» атты жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізілуде. Осыған сәйкес, белгіленген кестеге сәйкес біздің ауданымызда да тиісті жұмыстар жүргізілуде.
Осы республикалық жедел-профилактикалық іс-шараның аясында – аудандық пробациялық қызметі бөлімінің қызметкерлері, учаскелік инспекторлармен бірлесе отырып, алдын-ала түзілген кестеге сәйкес пробациялық есепте тұрған азаматтардың үй-жайлары мен олардың жұмыс орындарын тексеру жүргізеді. Себебі, осындай тізімде тұрған азаматтардың кейбірі түрлі себеппен өздерінің тұрғылықты мекен-жайлары мен жұмыс орындары туралы жалған ақпарат беруі мүмкін. Ал, егер тексеру барысында ондай жалғандық дерегі анықталып жатса, онда ол азаматтарға мұндай әрекеттің дұрыс еместігі туралы тиісті ескертулер жасалады не болмаса олар өз әрекеттері үшін ҚР Заңдарының талаптарына сай жауап береді.
Осндай жедел-профилактикалық барысында біз пробациялық есепте тұрғандардың әлеуметтік жағдайына да ерекше мән береміз. Егер де ол азамат жұмысқа орналасудан не болмаса әлеуметтік тұрғыдан қиыншылыққа тап болса, оған тиісті мекемелерді және демеушілік танытушы жомарт жандарды жұмылдыра отырып, қолдан келгенше жан-жақты көмектесуге тырысамыз.
Басты назарда ұстайтын нәрсе – белгіленген тәртіппен өткізіліп тұратын осындай жедел-профлактикалық іс-шаралар кезінде біз өз бақылауымыздағы азаматтарға өзіміздің тек бақылаушы орган ғана емес, сондай-ақ, олардың еліміздің басқа да азаматтары секілді түрлі әлеуметік көмектер алуға құқылы екендіктерін де түсіндіреміз.
Д.НАЗАРОВ,
Жетісай аудандық ПҚБ бастығы, әділет майоры.
2023-05-19