Deprecated: Function is_staging_site is deprecated since version 3.3.0! Use in_safe_mode instead. in /var/www/vhosts/sayipqiran.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6031
ТҮЗЕУ ЖҰМЫСТАРЫ ТҮРІНДЕГІ ЖАЗА - САЙЫПҚЫРАН.KZ Ақпаратты-сараптамалық порталы
Home » PRESS RELEASE » News » ТҮЗЕУ ЖҰМЫСТАРЫ ТҮРІНДЕГІ ЖАЗА

ТҮЗЕУ ЖҰМЫСТАРЫ ТҮРІНДЕГІ ЖАЗА

          Қылмысты болған азаматтарды түзеу жұмыстары – сотталған адамды мәжбүрлеп еңбекке тарта отырып, үкімде көрсетілген мерзімде оның ай сайынғы табысының бір бөлегін мемлекет пайдасына ұстауды білдіретін қылмыстық жазаның бір түрі болып табылады. Бұл жаза жазаның тек негізгі түрі ретінде Қылмыстық кодекстің Ерекше бөлімінің санкцияларында арнаулы көрсетілген реттерде ғана қолданылады.
         Жазаның орындау тәртібі Қазақстан Республикасы Қылмыстық атқару кодексінің 11-тарауына сәйкес жүзеге асырылады. Түзеу жұмысына сотталған адам бас бсотандығынан айырылмайды, отбасынан, еңбек ұжымынан бөлінбейді, өзінің жұмысын, қызметін сотталғанға дейін еңбек еткен ұжымында жалғастыра береді. Оның түзелуі осы өзі істеген еңбек ұжымы шеңберінде, қоғамнан оқшауланбай жүзеге асырылады. мұның өзі сотталған адамға еңбек ұжымы әкімшілігінің, отбасы мүшелерінің, жақындарының бақылау жүргізуіне толық мүмкіндік береді.
         Түзеу жұмыстары қылмыстық теріс қылықтар үшін – айлық есептік көрсеткіштің жиырма бестен бес жүзге дейінгі шегінде, қылмыстар үшін айлық есептік көрсеткіштің бес жүзден он мыңға дейінгі шегінде белгіленеді және сотталған адамның ай сайынғы табысынан жиырмадан қырыққа дейінгі пайызын аудара отырып, сотталған адамның негізгі жұмысы бойынша орындалады.
          Бұл жазаға сотталған адамдар өз бетінше жұмыстан кетіп қалуға қақысы жоқ. Мұндай ретте жұмыстан босану үшін жазаның орындалуын іске асыратын – қылмыстық орындау инспекциясының келісімі қажет. Түзеу жұмысын жұмыс орнында өтеу деген сөз сотталған адам бұрынғы сотталғанға дейін лауазымында немесе кәсібімен шұғылдана беруге болады деген мағынаны білдірмейді. Егер қылмыс лауазымды жағдайына немесе кәсіби қызметіне байланысты жасалған болса, онда сотталған адам басқа жұмысқа немесе басқа жұмыс орнына ауыстырылуы мүмкін. Бірақ үкім сотталған адамның жұмыс орнында өтелуі тиіс.
Д.КУЛЖУМУРОВ,
Жетісай аудандық ПҚБ аға инспекторы, әділет капитаны.

About Қалмұрат

Журналистика саласына кездейсоқ келіп қалсам да бұл салаға қызығушылығым оянғандықтан журналистикада жүргеніме 20 жыл болды. Алғашқы еңбек жолымды "Керуенбасы" газетінде корректорлықтан бастадым. Содан бері баспа журналистиканың барлық саласынан өттім. 2 рет газет шығарушы баспагер де болдым. Осы сайтымнан Сіздер өздеріңізге қажетті ақпараттар аласыздар деген ойдамын. Сіздер біздің жаңалықтарымызды: https://www.facebook.com/me/ https://twitter.com/KalmuratD www.sayipqiran.kz%2F%3Fp%3D8202 https://www.instagram.com/saipkiran.kz/ https://t.me/sayipkir арқылы да біле аласыздар.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

*

x

Check Also

СЕРТ БЕРУ – ЖАУЫНГЕР ДӘСТҮРІ

        ...

2023 ЖЫЛҒЫ ҮЛГІДЕГІ, НОМИНАЛЫ 5 000 ТЕҢГЕЛІК БАНКНОТАЛАРДЫ АЙНАЛЫМҒА ШЫҒАРДЫ

        ...

ҚАЗАҚСТАН ҰЛТТЫҚ БАНКІ 28 МАУСЫМДА 2024 ЖЫЛҒЫ ҮЛГІДЕГІ ЖАҢА ДИЗАЙНМЕН НОМИНАЛЫ 10 000 ТЕҢГЕЛІК БАНКНОТАНЫ АЙНАЛЫМҒА ШЫҒАРДЫ

        ...

АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ САЛАСЫНДА ОҢ ӨЗГЕРІСТЕР БАР

        ...

«JETISAI MARATHON – 2024» МАРАФОНЫНА МЫҢҒА ЖУЫҚ ТҰРҒЫН ҚАТЫСТЫ

        ...

ЖЕТІСАЙ АУДАНЫНДА ҚҰРЫЛЫС ҚАРҚЫНДЫ

        ...

21 ЛЕТНЫЙ ТАЭКВОНДИСТ УЕХАЛ В США

Автор: НАЗИРА БУРХАНОВА,  журналист. ...

«МАҚТААРАЛ» КЕҢШАРЫНА – 100 ЖЫЛ!

Қазіргі Түркістан облысының Мақтаарал ...

БІРЛІГІ БІРТҰТАС БІРЛЕСТІК

        ...

МАТЕМАТИКА ӘДІСТЕМЕ БІРЛЕСТІГІНДЕ АТҚАРЫЛЫП ЖАТҚАН ІСТЕР ОРАСАН

        ...