Deprecated: Function is_staging_site is deprecated since version 3.3.0! Use in_safe_mode instead. in /var/www/vhosts/sayipqiran.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6031
АЛИК ШПЕКБАЕВ: Білім және ғылым министрлігі сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресте белсенділік танытып келеді - САЙЫПҚЫРАН.KZ Ақпаратты-сараптамалық порталы
Home » Әлеумет » АЛИК ШПЕКБАЕВ: Білім және ғылым министрлігі сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресте белсенділік танытып келеді

АЛИК ШПЕКБАЕВ: Білім және ғылым министрлігі сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресте белсенділік танытып келеді

Білім беру жүйесінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл және сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін төмендету бойынша түбегейлі өзгерістер байқалады. Бұл туралы ҚР Білім және ғылым министрлігімен бірлескен кеңес барысында Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Төрағасы Алик Шпекбаев мәлімдеді.

«Екінші жыл қатарынан біздің бірлескен жобаларымыз жүзеге асырылып жатыр. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресте БҒМ өз бастамаларын ұсынып,белсенділік танытып келеді. Соңғы уақытта білім саласында ашықтық, айқындық және объективтіліктің арқасында оң өзгерістер байқалады. Бұл Тұңғыш Президент – Елбасы мен Мемлекет басшысының саясаты, ал қойылған міндетті министр орындап жатыр. Жалпы сыбайлас жемқорлық тәуекелдердін жою барысында жоғары оқу орындарықауымдастығы, сарапшылар мен тұтастай алғанда ведомство қызығушылық танытып отырғанын көріп отырмыз. Білім және ғылым министріне белсенді ұстанымы үшін алғыс білдіремін», – деді Алик Шпекбаев.

Жиында бірлескен жобалардың нәтижелері ерекше атап өтілді. Бұл бағытта азаматтық қоғамды жұмылдыруға басты назар аударылған.

Оның жарқын мысалы ретінде еліміздің барлық өңірінде магистратураға түсу кезінде Агенттік пен Ұлттық тестілеу орталығы бірлесіп жүргізген мониторингті айтуға болады. Мониторингке 500-ден астам бақылаушы қатысты. Нәтижесінде дайындық деңгейі төмен әрі академиялық адалдықтан жұрдай үміткерлер тізімге ілікпеді және  мемлекет 2,7 млрд теңге үнемдеді.

«Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ-дағы («Болашақ») сыртқы талдау орталық қызметінің түбегейлі трансформациялануына негіз болды. Бизнес-процестерді оңтайландыру нәтижесінде жыл сайын 1,3 млрд теңгебюджет қаражаты үнемделетін болады.

Қоғамдық мониторинг шеңберінде қашықтан оқыту кезінде компьютерлерді сатып алуға бөлінген қаражатты үлестіру жөніндегі комиссиялардың құрамында «Адалдық алаңы» өңірлік жобалық кеңселері, Арнайы мониторингтік топтардың және Агенттіктің аумақтық бөлімшелерінің өкілдері болды. «Баға – сапа» қағидаты бойынша компьютерлік техниканы әлеуетті жеткізушілердің баға ұсыныстарын іріктеу арқылы бірлескен күш-жігермен шамамен 3,6 млрд теңге үнемделді.

«Біз ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің арнайы мониторингтік тобының мүшелері ретінде аймақтарды аралап, білім саласындағы жағдай жақсарып келе жатқанын байқадық.  Ауқымды жұмыстар атқарылып, барлық процесс автоматтандырылған. Бұл сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін айтарлықтай төмендетеді. Министрлік арнайы мониторингтік топтың мүшелерімен тұрақты жұмыс жасап, жемқорлық тәуекелдерін төмендету үшін әдістерін ұсынып келеді. Көптеген өңірде жұмысқа қабылдау процесі электрондық форматқа ауысып жатыр», – деп атап өтті Агенттіктің арнайы мониторингтік тобының жетекшісі Айгүл Соловьева.

Бұлтты технологияларға көшу, педагогтерді электрондық форматта аттестаттаудан өткізу сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін айтарлықтай төмендетуге көмектеседі. Құжаттарды қабылдау, колледждер мен жоғары оқу орындарына түсу емтихандарын өткізу процестері автоматтандырылып жатыр.Бұл сыбайлас жемқорлық факторларын жоюға мүмкіндік береді.

«Ақша студентпен бірге жүреді» жүйесі университеттер, колледждер арасында бәсекелестікті арттырып, өз кезегінде білім беру қызметтерінің сапасын жақсартуға ықпал етеді. 2021 жылы мектепке дейінгі білім беру саласында да ваучерлік жүйе енгізілетін болады. Яғни, бұдан былай ата-ана ваучерді алып, баласын қай балабақшаға беретінін өзі шешеді.

Өз кезегінде ҚР БҒМ-нің сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі «Adal Bilim» жобалық кеңсесінің жетекшісі Талғат Нәрікбаев заңнамаға өзгерістер енгізуді және өңірлердегі білім беру сапасы үшін жергілікті атқарушы органдардың жауапкершілігін арттыруды ұсынды.

«Үкімет алдында білім саласына тек БҒМ жауап беретініне назар аударғым келеді. Бұл ретте барлық ұйымдастырушылық және материалдық ресурс әкімдіктердің қолында екенін атап өткен жөн. Осыған орай, біз жергілікті атқарушы органдардың білім беру саласындағы жауапкершілігін заңнамалық деңгейде арттыруды ұсынамыз», – деді Талғат Нәрікбаев.

Кеңеске қатысушылар Білім және ғылым министрлігіне оқушылар мен студенттердің бойында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру бойынша оқу пәндерін енгізуді ұсынды. Сондай-ақ барлық студент қызметтерді қашықтан, яғни электронды форматта алуы үшін колледждер мен жоғары оқу орындарында цифрландыру бағытындағы жұмысты жандандыру қажет екенін айтты.

«Проблемалық мәселелер жоқ емес. Айтылған барлық ұсынысты егжей-тегжейлі талдап, жұмыс жүргізетін боламыз. Тәуекелдерді болдырмау үшін бізге ашықтықты толық қамтамасыз ету маңызды. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша жұмысты жалғастырамыз», – деді Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов.

ҚР БҒМ баспасөз қызметі.

About Қалмұрат

Журналистика саласына кездейсоқ келіп қалсам да бұл салаға қызығушылығым оянғандықтан журналистикада жүргеніме 20 жыл болды. Алғашқы еңбек жолымды "Керуенбасы" газетінде корректорлықтан бастадым. Содан бері баспа журналистиканың барлық саласынан өттім. 2 рет газет шығарушы баспагер де болдым. Осы сайтымнан Сіздер өздеріңізге қажетті ақпараттар аласыздар деген ойдамын. Сіздер біздің жаңалықтарымызды: https://www.facebook.com/me/ https://twitter.com/KalmuratD www.sayipqiran.kz%2F%3Fp%3D8202 https://www.instagram.com/saipkiran.kz/ https://t.me/sayipkir арқылы да біле аласыздар.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

*

x

Check Also

2023 ЖЫЛҒЫ ҮЛГІДЕГІ, НОМИНАЛЫ 5 000 ТЕҢГЕЛІК БАНКНОТАЛАРДЫ АЙНАЛЫМҒА ШЫҒАРДЫ

        ...

ҚАЗАҚСТАН ҰЛТТЫҚ БАНКІ 28 МАУСЫМДА 2024 ЖЫЛҒЫ ҮЛГІДЕГІ ЖАҢА ДИЗАЙНМЕН НОМИНАЛЫ 10 000 ТЕҢГЕЛІК БАНКНОТАНЫ АЙНАЛЫМҒА ШЫҒАРДЫ

        ...

АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ САЛАСЫНДА ОҢ ӨЗГЕРІСТЕР БАР

        ...

«JETISAI MARATHON – 2024» МАРАФОНЫНА МЫҢҒА ЖУЫҚ ТҰРҒЫН ҚАТЫСТЫ

        ...

ЖЕТІСАЙ АУДАНЫНДА ҚҰРЫЛЫС ҚАРҚЫНДЫ

        ...

21 ЛЕТНЫЙ ТАЭКВОНДИСТ УЕХАЛ В США

Автор: НАЗИРА БУРХАНОВА,  журналист. ...

«МАҚТААРАЛ» КЕҢШАРЫНА – 100 ЖЫЛ!

Қазіргі Түркістан облысының Мақтаарал ...

БІРЛІГІ БІРТҰТАС БІРЛЕСТІК

        ...

МАТЕМАТИКА ӘДІСТЕМЕ БІРЛЕСТІГІНДЕ АТҚАРЫЛЫП ЖАТҚАН ІСТЕР ОРАСАН

        ...

ШӘКІРТ ТӘРБИЕЛЕУ – БОЛАШАҚТЫ ҚАЛЫПТАСТЫРУ

        ...