Deprecated: Function is_staging_site is deprecated since version 3.3.0! Use in_safe_mode instead. in /var/www/vhosts/sayipqiran.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6031
ЖЕКЕ ТҰЛҒАЛАРДЫҢ МҮЛІК САЛЫҒЫ ТУРАЛЫ - САЙЫПҚЫРАН.KZ Ақпаратты-сараптамалық порталы
Home » PRESS RELEASE » News » ЖЕКЕ ТҰЛҒАЛАРДЫҢ МҮЛІК САЛЫҒЫ ТУРАЛЫ

ЖЕКЕ ТҰЛҒАЛАРДЫҢ МҮЛІК САЛЫҒЫ ТУРАЛЫ

ҚР Салық кодексі 526-бабы. Салық  төлеушілер
  1. Салық салу объектiсi бар жеке тұлғалар жеке тұлғалардың мүлiк салығын төлеушiлер болып табылады.
  2. Мыналар жеке тұлғалардың мүлiк салығын төлеушiлер болып табылмайды:
      1) Кеңес Одағының батырлары, Социалистiк Еңбек ерлерi, «Халық қаhарманы», «Қазақстанның Еңбек Ері» атақтарына ие болған, үш дәрежелi Даңқ орденiмен және «Отан» орденiмен наградталған адамдар – осы Кодекстің 528-бабының 1) тармақшасында көрсетілген барлық салық салу объектiсінiң жалпы құнынан республикалық бюджет туралы заңда белгіленген және тиісті қаржы жылының 1 қаңтарына қолданыста болатын айлық есептік көрсеткiштің 1000 еселенген мөлшері шегiнде;
      2) Ұлы Отан соғысының ардагерлері, жеңілдіктер бойынша Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне теңестірілген ардагерлер және басқа мемлекеттердің аумағындағы ұрыс қимылдарының ардагерлері, Ұлы Отан соғысы жылдарында тылдағы қажырлы еңбегі мен мінсіз әскери қызметі үшін бұрынғы КСР Одағының ордендерімен және медальдарымен наградталған адамдар, сондай-ақ 1941 жылғы 22 маусым – 1945 жылғы 9 мамыр аралығында кемінде алты ай жұмыс істеген (қызмет өткерген) және Ұлы Отан соғысы жылдарында тылдағы қажырлы еңбегі мен мінсіз әскери қызметі үшін бұрынғы КСР Одағының ордендерімен және медальдарымен наградталмаған адамдар, мүгедектігі бар адамдар:
      тұрғын үй қоры, соның ішінде оның жанындағы құрылыстар мен құрылысжайлар алып жатқан жер учаскелері бойынша;
      үй жанындағы жер учаскелері бойынша;
      құрылыс алып жатқан жерлерді қоса алғанда, жеке үй (қосалқы) шаруашылығын жүргізу, бағбандық және саяжай құрылысы үшін берілген жер учаскелері бойынша;
      гараждар алып жатқан жер учаскелері бойынша;
      осы Кодекстің 528-бабының 1) тармақшасында көрсетілген барлық салық салу объектісінің жалпы құнынан республикалық бюджет туралы заңда белгіленген және тиісті қаржы жылының 1 қаңтарына қолданыста болатын айлық есептік көрсеткіштің 1500 еселенген мөлшері шегінде;
      3) жетім балалар және 18 жасқа толғанға дейінгі кезеңге ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар:
      тұрғын үй қоры, соның ішінде оның жанындағы құрылыстар мен құрылысжайлар алып жатқан жер учаскелері бойынша;
      үй жанындағы жер учаскелері бойынша;
      құрылыс алып жатқан жерлерді қоса алғанда, жеке үй (қосалқы) шаруашылығын жүргізу, бағбандық және саяжай құрылысы үшін берілген жер учаскелері бойынша;
      гараждар алып жатқан жер учаскелері бойынша;
      осы Кодекстің 528-бабының 1) тармақшасында көрсетілген салық салу объектiлері бойынша;
      4) бала кезінен мүгедектігі бар адамның, мүгедектігі бар баланың ата-анасының бірі:
      тұрғын үй қоры, соның ішінде оның жанындағы құрылыстар мен құрылысжайлар алып жатқан жер учаскелері бойынша;
      үй жанындағы жер учаскелері бойынша;
      құрылыс алып жатқан жерлерді қоса алғанда, жеке үй (қосалқы) шаруашылығын жүргізу, бағбандық және саяжай құрылысы үшін берілген жер учаскелері бойынша;
      гараждар алып жатқан жер учаскелері бойынша;
      5) «Батыр ана» атағына ие болған, «Алтын алқа» алқасымен наградталған көпбалалы аналар, бөлек тұратын зейнеткерлер:
      тұрғын үй қоры, соның ішінде оның жанындағы құрылыстар мен құрылысжайлар алып жатқан жер учаскелері бойынша;
      үй жанындағы жер учаскелері бойынша;
      осы Кодекстің 528-бабының 1) тармақшасында көрсетілген барлық салық салу объектiсінiң жалпы құнынан республикалық бюджет туралы заңда белгіленген және тиісті қаржы жылының 1 қаңтарына қолданыста болатын айлық есептік көрсеткiштің 1000 еселенген мөлшері шегiнде.
      Осы Кодекстің мақсаттары үшін бөлек тұратын зейнеткерлер деп заңды мекенжайы (олардың тұрғылықты мекенжайы) бойынша тек қана зейнеткерлер тіркелген зейнеткерлер түсініледі;
      6) салықтық база осы Кодекстің 529-бабына сәйкес айқындалатын және салықты салық органдары осы Кодекстің 532-бабына сәйкес есептейтін тұрғынжайлар мен басқа да объектілерді қоспағанда, кәсiпкерлiк қызметте пайдаланылатын салық салу объектiлері бойынша дара кәсiпкерлер;
      7) көппәтерлі тұрғын үй алып жатқан жер учаскесіндегі пәтер (бөлме) меншік иесінің үлесі бойынша жеке тұлғалар – пәтердің (бөлменің) меншік иелері.
  1. Осы баптың 2-тармағы 1) – 5) тармақшаларының ережелері пайдалануға немесе мүліктік жалдауға (жалға) берілген салық салу объектілері бойынша қолданылмайды.
          527-бап. Жекелеген жағдайларда салық төлеушiнi айқындау
  1. Мемлекеттік мекеме салық салу объектiлерiн сенiмгерлiк басқаруға берген кезде салық төлеушi осы Кодекстің 41-бабына сәйкес айқындалады.
  2. Егер салық салу объектiсi бiрнеше тұлғаның ортақ үлестiк меншiгiнде болса, осы тұлғалардың әрқайсысы салық төлеушi деп танылады.
  3. Бiрлескен ортақ меншiктегi салық салу объектiлерi бойынша өздерiнiң арасындағы келiсу бойынша осы салық салу объектiсi меншiк иелерiнiң бiрi салық төлеушi бола алады.
      Бұл ретте меншік құқықтарын мемлекеттік тіркеу 2016 жылғы 31 желтоқсаннан кейін жүргізілген бірлескен ортақ меншіктегі салық салу объектілері бойынша меншік иелері осындай объектіге меншік құқықтарын мемлекеттік тіркеуді жүзеге асыруға арналған өтініште көрсеткен осы салық салу объектісі меншік иелерінің бірі салық төлеуші бола алады.
  1. Жер учаскесіне сәйкестендіру құжаттары болмаған жағдайда пайдаланушыны жер учаскесіне қатысты салық төлеуші деп тану үшін:
      1) жер учаскесі мемлекеттік меншіктен берілген кезде – мемлекеттік органдардың жер учаскесін беру туралы актілері;
      2) қалған жағдайларда – азаматтық-құқықтық мәмілелер негізінде немесе Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де негіздерде осындай учаскені іс жүзінде иелену және пайдалану негіз болып табылады.
        528-бап. Салық салу объектісі
      Қазақстан Республикасының аумағындағы:
      1) өздеріне меншік құқығында тиесілі тұрғынжайлар, ғимараттар, саяжай құрылыстары, гараждар, орынтұрақ орындары және өзге де құрылыстар, құрылысжайлар, үй-жайлар;
      2) жеке тұлғаларға меншік құқығында тиесілі жер учаскелері жеке тұлғаларға мүлік салығын салу объектісі болып табылады.
    532-бап. Салықты есептеу мен төлеу тәртібі
  1. Жеке тұлғалардың салық салу объектілері бойынша салықты есептеуді салық органдары салық төлеушінің тұрғылықты жеріне қарамастан, салық салу объектісінің орналасқан жері бойынша есепті салықтық кезеңнен кейінгі жылдың 1 шілдесінен кешіктірмей есепті салықтық кезеңнен кейінгі жылдың 1 қаңтарына дейін құқықтары тіркелген жеке тұлғалардың салық салу объектілері бойынша меншік құқығында иеленудің іс жүзіндегі мерзімін ескере отырып, салықтық базаға тиісті салық мөлшерлемесін қолдану арқылы жүргізеді.
         533-бап. Салықтық кезең
  1. 1 қаңтар – 31 желтоқсан аралығындағы күнтізбелік жыл жеке тұлғалардың мүлік салығын есептеу үшiн салық кезеңi болып табылады.
  2. Жеке тұлғалардың салық салу объектiлерi жойылған, қираған, бұзылған кезде салық салу объектiлерiнiң жойылу, қирау, бұзылу фактiсi болған ай салық кезеңiнiң есеп-қисабына кiредi.
Қ.А.ӘБДІРАХМАН,
Мақтаарал ауданы бойынша Мемлекеттік кірістер  басқармасының бас маманы.

About Қалмұрат

Журналистика саласына кездейсоқ келіп қалсам да бұл салаға қызығушылығым оянғандықтан журналистикада жүргеніме 20 жыл болды. Алғашқы еңбек жолымды "Керуенбасы" газетінде корректорлықтан бастадым. Содан бері баспа журналистиканың барлық саласынан өттім. 2 рет газет шығарушы баспагер де болдым. Осы сайтымнан Сіздер өздеріңізге қажетті ақпараттар аласыздар деген ойдамын. Сіздер біздің жаңалықтарымызды: https://www.facebook.com/me/ https://twitter.com/KalmuratD www.sayipqiran.kz%2F%3Fp%3D8202 https://www.instagram.com/saipkiran.kz/ https://t.me/sayipkir арқылы да біле аласыздар.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

*

x

Check Also

2023 ЖЫЛҒЫ ҮЛГІДЕГІ, НОМИНАЛЫ 5 000 ТЕҢГЕЛІК БАНКНОТАЛАРДЫ АЙНАЛЫМҒА ШЫҒАРДЫ

        ...

ҚАЗАҚСТАН ҰЛТТЫҚ БАНКІ 28 МАУСЫМДА 2024 ЖЫЛҒЫ ҮЛГІДЕГІ ЖАҢА ДИЗАЙНМЕН НОМИНАЛЫ 10 000 ТЕҢГЕЛІК БАНКНОТАНЫ АЙНАЛЫМҒА ШЫҒАРДЫ

        ...

АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ САЛАСЫНДА ОҢ ӨЗГЕРІСТЕР БАР

        ...

«JETISAI MARATHON – 2024» МАРАФОНЫНА МЫҢҒА ЖУЫҚ ТҰРҒЫН ҚАТЫСТЫ

        ...

ЖЕТІСАЙ АУДАНЫНДА ҚҰРЫЛЫС ҚАРҚЫНДЫ

        ...

21 ЛЕТНЫЙ ТАЭКВОНДИСТ УЕХАЛ В США

Автор: НАЗИРА БУРХАНОВА,  журналист. ...

«МАҚТААРАЛ» КЕҢШАРЫНА – 100 ЖЫЛ!

Қазіргі Түркістан облысының Мақтаарал ...

БІРЛІГІ БІРТҰТАС БІРЛЕСТІК

        ...

МАТЕМАТИКА ӘДІСТЕМЕ БІРЛЕСТІГІНДЕ АТҚАРЫЛЫП ЖАТҚАН ІСТЕР ОРАСАН

        ...

ШӘКІРТ ТӘРБИЕЛЕУ – БОЛАШАҚТЫ ҚАЛЫПТАСТЫРУ

        ...